ИТ
*
–
қазақтар мəдениетінде жеті қазынаның бірі. Адамдар өмірінде
ит серік, дос ретінде құрметтеледі. Аңыз бойынша Адам жұмақтан
қуылып жерге түскен соң, тіршілік ету үшін мал ұстайды. Мал мен үй
жайың күзетуге, əрі аңға барғанда сенімді серік етуге итті алғаш рет қолға
үйретеді. Жəне ғылымда иттің екі миллионға жуық иісті ажырататындығы
туралы дерек бар. Бұл хайуанаттың осыншалықты пайдалы қасиеттеріне
қарамастан қазақ тіліндегі ит сөзі ұйытқы болған фразеологизмдердің
біре-саран болмаса (ит көйлек, ит басына іркіт төгілу, ит жүгіртіп құс
салу, т.б.) барлығы жағымсыз мəнде қалыптасқан. Мысалы:
Ит байласа тұрғысыз
Ит жанды
Ит кемірген асықтай
Иттей қылу
Ит терісін басына қаптау
Ит етінен жек көру
Достарыңызбен бөлісу: |