«Как Мамай прошел» –
полнейший беспорядок, опустошение, разгром деген мағынада тұрақты
тіркеске айналған.
Қазақ фольклорында «Едігенің шөбересі Мамай батыр өлгенде анасы
Қараүлек «Өлдің, Мамай, қор болдың!» дейтін жоқтауында:
Артыңда қалған жас бала
Қашан сендей болады?!
Қырық ұл туса бір күнде,
Орның қалай толады?! – деген өлең жолдары қалған екен.
Алтын Орда ханы болған тарихи тұлға ретінде Мамай есімі қазақ
тіліндегі тарихи фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, халқымызда:
«Өлдің Мамай, қор болдың», «Өлдің, Мамай — өштің, Мамай» деген
тіркестер «ешнəрсеге жарамсыз, қажетсіз, қадірі жоқ» деген мағынада
қазір де жиі қолданыста бар.
Сондай-ақ, кейбір қазақ мақал-мəтелдерінің шығу тарихы кезін-
де алтынордалықтардың билік құрған кезеңдеріне байланысты.
«Нар мойыны Бердібекте кесілді», «Біздің ел Тоқтамысты жамандағанын