223
Ал м
ағыналары жақын, тіпті бірдей тіркестердің молдығы алдымен,
тіркес құрамында соматикалық атаулардың кездесуіне байланысты.
Түркі тілдерінде, əсіресе, қыпшақ тобындағы тілдерде бұл ерекшелік
қатты байқалады. Қ.Қалыбаева: «Қыпшақ тобы тілдерінде соматикалық
фразеологизмдердегі негізгі айырмашылықтар негізінен дене мүшелері
атауларының семантикалық даму нəтижесіндегі өзгерістерімен байла-
нысты болып келеді. (саусақ, бармақ; мұрын, танау; желке, иық; аяқ,
бұт). – дейді [2009, 162 б.]
Айта кететін бір жайт, туыстас түркі тілдеріне мағынасы ортақ сома-
тизмді фразеологизмдер тек екі компонентті фразеологиялық тізбектерді
құрайды.
Түркі фразеологиясының қазіргі даму бағытын біз қазақ тіліндегі
фразеологизмдердің бүгінгі таңдағы зерттеу үлгілеріне қарай тұжырым
жасаймыз. Өйткені бұрынғы классикалық құрылымдық-семантикалық
үлгіден соң, 80-жылдардан былай қарай фразеология саласын зерттеудің
жаңа парадигмалары пайда бола бастады.
Бұл – тіл-тілдегі фразеологиялық
материалдардың қатысым
əрекетіндегі функционалдық ерекшеліктері, сөйленіс пен мəтін түзудегі
тұтастығы, фразеологизмдердегі фреймдер мен схемалар, тіл арқылы
мəдениеттанудағы лингвомəдениремалар қызметі, фразеологизмдердің
ұлт менталдығымен астасқан ұлттық мəдени ерекшеліктерді танытатын
қызметі жəне фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты. Аталған
ерекшеліктер фразеологизмдерді зерттеудің түрлі ғылыми бағыты ретін-
де семантикалық жəне прагматикалық аспектіде кеңінен қарастырыла
бастады. Фразеологиядағы бұл үрдіс ұлттық сананың өсуіне қарай ең ал-
дымен ұлт тілі арқылы ұттың өзін өзі қайта тану процесінің жандануына
себепші болды, əрі фразеологизмдерді ғылыми нысан ретінде бұрынғы
зерттеу əдісінен басқа тəсілдерді пайдалануға ізденіс туғызды.
Бұрынғы кеңестік дəуірде ортақ орыс тілінен соң өзара қоян-қолтық
өмір сүрген түркі тілдерінің тіл білімі саласындағы жеткен жетістік-
тері сол орыс тілі арқылы бір-біріне таралатын. Бұл бір жағынан тиімді
болғандықтан, мəселен, фразеология саласында кім не жазды, қандай
ғылыми ізденістер бар деген сұрақтардың жауабы қиын емес еді.
Қазір жағдай өзгерді, яғни түркілердің өз жеріндегі тəуелсіздігі ұлттың
рухани мəдени құндылықтарын
менің ұлтымдікі
деген психологияға
жеңдірді. Славян фразеологиясының жетістіктерін қадағалай отырып,
224
түркі тіл біліміндегі зерттеулердегі фразеология саласын ортақтастыру
қажет. Орыс фразеологиясындағы теориялық мағлұматтар бұрын кеңестік
ұлт тілдеріне
«формасы ұлттық, мазмұны социалистік»
деп біркелкі
пішіліп, кигізілетін. Енді фразеологизмдерді зерделеудің жаңа антропо-
центрлік парадигмалары сол ұлт тілінің сөйлеу əрекетінде көрінетін жəне
ұлттық меналитетке негізделген прагматиканы, ұлттық концептілерді
жан-жақты, толық талдауға жол ашты.
Достарыңызбен бөлісу: