алтын уақыт, көреген адам, орынсыз сөйлеу, жүріп кет- ті т.б. Мұндай тіркестер үнемі синтаксистік топ құрайды. Тек өзара
мағыналық байланыста ғана айтылатындықтан сөз тіркесі деп танылады.
Кез келген сөздер бір бірімен тіркесе бермейді.
Сұлу қыз тіркесіндегі
сұлу сөзінің тіркесімділігі кең. Бірақ
сұлу тере- зе, сұлу құмырысқа деп айтпайды. Ал осы тіркестерге ұқсас:
еркек кіндік- ті, басы ашық, жүз шайысу, қыпша бел, жел аяқ, аузын алу жоғарыда
талдаған сөз тіркестерінен мүлдем басқа. Бұлар құрамындағы сөздер
арқылы бір мағына жасайды. Мағыналары:
Еркек кіндікті – ер адам, басы ашық /нəрсе/ – даусыз, айқын ,
жүз шайысу – ренжісу, қыпша бел – жіңішке бел, жел аяқ – жүйрік ,
аузын алу – пара беру; Көрсетілген мы-
салдар сөз тіркестеріне емес, фразеологизмдерге – тұрақты тіркестерге
жатады. Бұлардың құрамын өзгертіп айтуға болмайды, əрі барлық сөздер
бірігіп фразеологиялық мағына тудырады. Сондай-ақ, тек екі сөзден ғана
емес, компоненттер құрамы əртүрлі болып келетін де тіркестер бар.
Мысалы, емін-еркін билеп төстейтін адамның əрекетін –