Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет55/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер

Когнитивтік фразеология
2.1 Когнитивтік фразеологияның пəні, 
мақсаты мен əдіс-тəсілдері
Тіл білімінде фразеология мен когнитивистика фразеологизмдердің 
мағынасына қатысты бір-бірімен байланысты сөз етілетін бағыттар. 
Тұрақты тіркестердің мағыналық ерекшеліктері коммуниканттардың 
тілдік санасында түрлі мағыналық реңктермен сақталуын жəне праг-
матикалық-дискурстық үйлесімін зерттеу фразеологияның теориялық 
əдіснамалық негізінің тереңдеуін қажет етеді. Бұл өз кезегінде тіл білімін-
дегі когнитивтік зерттеулерге иек артады. Когнитивік лингвистканың 
гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы ізденіс жетістіктерін тілшілер 
бірден құптаған. 
А. Киклевич: «Заслуга когнитивной лингвистики заключается в том, 
что она – восстав против сформировавшей в ХХ в. традиции имманент-
ного структурного языкознания – выдвинула на первый план «человечес-
кий фактор», в частности ортажаемые в естественных языках структуры 
и способы познания» деп атап көрсетеді. [2007, с. 70].
Когнитивтік лингвистиканың базалық ұғымдары «концепт», «фрейм», 
«гештальт», «схема», «сценарий» т.б. о баста антропологиялық білім 
парадигмаларының түрлі когнитивтік ғылым салаларынан алынған. 
Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеу-
лер қазақ ғалымдарының түрлі ғылыми еңбектерінен көрінеді. Атап 
айтқанда, тілдік таңбаның мағыналық, мазмұндық мəні арқылы 
дүниені тану жағын қарастыру (Э.Д.Сүлейменова), адамзаттың этно-
ментальді дүниесінің тіл арқылы берілуі (Н.Ж.Жарқынбекова), эмоция, 
гештальт-құрылым түріндегі концептілердің көрінісі (Қ.Жаманбаева), 
сөз əрекетіндегі когнитивтік модельдердің типологиясы, (Г.Г.Гиздатов), 
прозадағы контраст концептілердің тілдік көрінісі (С.Сүгірбекова), 
концептілердің ұлттық-мəдени компоненттері (Ш.Елемесова), байырғы 
ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуі (Н.Аитова), кейіп-
кер тілінің когнитивтік мəні мен тілдік тұлға мəселесі (Ж.Сəткенова), 
концептілік құрылымдардың поэтикалық мəтіндегі вербалдану ерек-


48
шелігі (А.Əмірбекова), жеке лексемалар арқылы концепт мазмұнының 
берілуі (М.Күштаева, А.Смаилов т.б.) жəне т.б. ізденістер қазақ тіл 
білімінде когнитивтік лингвистиканың пəн ретінде қалыптасқандығының 
айғағы. Сондай-ақ, қазақ лингвистерінің когнитивтік аспектідегі зерттеу 
жұмыстарының нəтижесі қазақ тіліндегі «байлық-кедейлік, «өмір-өлім», 
«жүрек», «жан», «өзім-өзге», «үй», «парыз», «əйел», «тары» т.б. 
концептілердің тілдік бейнелері сараланды. Когнитологияның қазақ 
тіл біліміндегі қарқынды дамуы «элитарлық лингвистикалық пəн» 
(Мокиенко) ретінде фразеологияға да жемісті нəтижелер алып кел-
ді. Фразеологизмдердің қойнауларында жатқан экстралингвисткалық 
ақпараттарға деген қызығушылық бұрынғыдан да жан-жақты əрі 
тереңдей түсті. 
Когнитивтік фразеология фразеологизмдердің семантикасын тіл-
дік жəне тілдік емес ақпараттар арқылы дүниені қабылдау, сондай -ақ, 
тіл иесінің менталдық болмысының ерекшеліктерін терең, жан-жақты 
қарастыруға мүмкіндік береді.
Фразеологиялық мағынының жасалуы мен қалыптасуын зерттеуде 
когнитивтік лингвистиканың мүмкіндіктері мол. Тіл мен танымның 
сабақтастығы нəтижесінде концептөрістегі білім құрылымы мен фор-
масы жəне оның репрезентациялануы фразеологиялық зерттеудің жаңа 
парадигмаларына негіз болады.
Лингвистикада ерекше ғылыми бағыт ретінде когнитивтік 
фразеологияның қалыптасуы оның нысаны мен зерттеу пəніне байла-
нысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет