Сондықтан кез келген ұғым, сөз концепт бола бермейді. Концепт болу үшін белгілі бір ұғымға қатысты ұлттың мəдени көрсеткіші болатын тілдік дерек – лексика-семантикалық тақырыптық топ, сондай-ақ, менталдық мінездемені қажет ететін жəне философиялық мазмұнды, логикалық бағдары бар ұжымдық білім көрсеткішіне негізделген күрделі құрылымды бірлік болу керек. Концепт белгілі бір ұлт мəдениетіне тəн болғандықтан, сол ұлт бей-
несін көрсететін салт-дəстүрлер көрінісі, ұлтқа тəн таным мен білім
сияқты ерекшеліктеріне қарай жетілдіріліп отырады. Мысалы,
ана ко-
цептісіндегі мазмұндық ақпараттар арасындағы «Батыр ана» немесе
«көкек ана» тіркестері осыған дəлел.
Концепт туралы айтылған ой-пікірлерді сараптап, тұжырымдай келе,
концептінің ең басты өлшемдерін айта кету керек. Олар:
ü