Жас аралығы
15-16 жас
17-18 жас
19-20 жас
54
4.
Педагогта әртістілік қабілет болғаны дұрыс па әлде мұғалім өзінің
пәнін, оның әдістемесін біліп және балаларды жақсы көрген жарайды ма? Егер
әртістілік қабілет болғаны дұрыс десеңіз, ойыңызды түсіндіріңіз.
5.
Педагог артистизмінің мүмкін болатын «оң және теріс» жақтарын
атаңыз.
6.
Жоғары оқу орындарында студенттерді-болашақ педагогтарды
артистизмге үйрету керек пе? Егер жоқ болса, неліктен, ал ия болса, қандай
әдістермен үйрету керек?
7.
Сіз өзіңізді әртістік адам деп санайсыз ба?
8.
Сабақта артистизмді қолдану керек пе?
9.
Педагогикалық артистизмді дамыту үшін семинар, консультация,
жаттығуларға барасыз ба?
Осы сауалнаманың нәтижелеріне келетін болсақ, педагогикалық
артистизм сапасына анықтама беріңіз сұрағына 27 білім алушының жауаптары
жинақталып, талданып, бір анықтама құрадық. Білім алушылардың пікірінше,
педагогикалық артистизм дегеніміз–бұл оқушылармен контакт орнатуға ықпал
ететін рухани және физикалық сапалардың күрделі құрамы, ол сабақта белгілі
бір деңгейде белсенділік таныту, шығармашылық көрсету деген анықтама
берді.
Артистизм
және
актерлік-режиссерлік
қабілеттер
ұғымының
арақатынасын анықтаңыз атты екінші сұраққа білім алушылардың көп бөлігі
екеуінің ұқсас екендігін айтты және екеуі де өз іс-әрекетіне кіріспес бұрын,
оларды ойластырады. Мысалы, актер өз рөлін сомдамас бұрын, оның сөздерін
жаттайды. Ал, мұғалім жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, оған алдын-ала
дайындалады.
«Артистизм адамға табиғаттан берілген бе әлде оған өздігінен үйренуге
болады ма?»-деген сауалнаманың үшінші сұрағына 15 білім алушы, яғни 56%
табиғаттан беріледі деп, ал 12 білім алушы өздігінен үйренуге болады деп
жауап берді.
«Педагогта әртістілік қабілет болғаны дұрыс па әлде мұғалім өзінің пәнін,
оның әдістемесін біліп және балаларды жақсы көрген жарайды ма? Егер
әртістілік қабілет болғаны дұрыс десеңіз, ойыңызды түсіндіріңіз» сұрағына
келесі жауаптарды алдық. 63% білім алушы педагог бойында әртістілік қабілет
болғаны дұрыс деп, 37% білім алушы мұғалім өзінің пәнін, оның әдістемесін
біліп және балаларды жақсы көргені жарайды деп жауап берді. Әртістік қабілет
болғаны дұрыс десеңіз, ойыңызды түсіндіріңіз дегенге, білім алушылардың
жауаптары жинақталып, бір пікір қалыптасты: өйткені, мұғалім тосыңнан
болған жағдайлардан оңай жолмен шыға білуі қажет, мәселелерді шешуде
креативтілік таныту қажет, ол үшін мұғалімге бойындағы әртістік қабілеттер
көмек көрсетеді.
55
Кесте 2–анкетаның 5-сұрағына берілген жауаптар
Достарыңызбен бөлісу: |