Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет119/290
Дата08.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#117284
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   290
Байланысты:
5В070100-Биотехнология (1)

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
Кіріспе 
"Биотехнология негіздері" пәнін оқытудың
мақсаты: 
студенттерді 
биоөндірістің технологиялық негіздерімен таныстыру, шикі затты дайындау, 
алғашқы өнімді немесе біріншілік культураны дайындау, бионысандарды
дақылдап оларды бөліп алу сатыларын, тазалау және соңғы өнімді 
тұрақтандыру, сонымен қатар жаңа заттарды өндіру қабілеттеріне немесе жаңа 
қасиеттеріне ие модифицирленген бионысандарды алу әдістерін көрсету.
"Биотехнология негіздері"
пәнін оқытудың міндеттері
:
- биотехнологиялық өндіріс дайындау жайлы ғылыми білімдерін беру; 
биотехнологиялық өнiмнің технологиялық сипаттамаларын жақсарту және 
биотехнологиялық өндiрiс процестерiнiң тиiмдiлiгін жоғарлату үшін 
биотехнологиялық әдiстер және процестердi жетiлдiру; биологиялық 
нысандарында жүретiн үдерістер мен құбылыстарды зерттеу, қазіргі заманның 
ғылыми әдістерінің мүмкіндігін түсіну және кәсiби деңгейде оларды меңгеру; 
- студенттерді алған білімдерін теориялық дайындығын жоғарылатуда 
және оны практикада қолдану үшін үйрету. 
- ғылыми зерттеу және педагогикалық қызметтiң дағдыларына үйрету. 
Пәнді оқып аяқтаған соң студенттер 
білуі керек

- биотехнологиялық процестердің арнайлығын, оларды іске асыратын 
ғылыми теориялық негіздерін; белгілі соңғы өнімді алу үшін пайдаланған 
әдістерді іріктеу және талдау; жеке биоөндірістің технологиялық сызба нұсқасы 
жайлы түсінік алу.


66 
- биотехнологияда қолданылатын негiзгi нысандар, әдiстер және 
принциптер туралы; биотехнологияның әртүрлі салаларының қазiргi жағдайы 
туралы; биотехнологиялық өндірістер мен биотехнологиялық өнiмдерге 
қойылатын талаптары туралы
 түсінігі болуы тиіс

- биотехнологияның теориялық және қолданбалы міндеттерін шешімдер 
негізін; биотехнологияның даму келешегін; қоғамның биотехнологиялық 
өнiмдерге сұранысын
 білуі тиіс
;
- қызметтiн ғылыми негiзде ұйымдастырудан; биотехнологиялық 
объектiлердi зерттеудiң әдiстерi мен әдiстемелерiн игеруден; ақпараттарды 
iздеу, жинау, сақтау және өңдеудiң қазіргі ақпараттық іздеу 
технологияларынан
 білігі болуы қажет
;
- биотехнологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану
дағдысы болуы 
қажет

- биотехнологияның қазiргi мәселелерiн; жұмыс берушілер мен 
серіктестерді тартатындай кәсiби 
құзыретті болуы тиіс

Зертханалық сабақтардың кезінде студенттер: өсімдік және жануарлар 
клеткалар мен ұлпаларды, микроорганизмдерді өсіру үшін қоректік орталарды 
дайындауды игеру, ламинар бокста жұмыс істеу, алғашқы материалды бөліп 
алу және залалсыздандыруды игеру, зертханалық жағдайында жануарларды 
өсіру үшін талаптарын білу керек. Клеткаларды агарлы және сүйық ортада 
өсіруді, клеткаларды субкультивирлеу және клеткалық популяцияның өсу 
динамикасын талдауды игеру және білу керек. 
"Биотехнология негіздері" пәнінің объектісі және әдістер жүйесі. 
Ұсынылып отырған пәннің оқыту объектісі технологиялар және бионысандар 
болып табылады. Биотехнологияның нысандары ретінде микроорганизмдер, 
өсімдіктер мен жануарлардың мүшелер мен клеткалары және ұлпалары, 
субклеткалық құрылымдар саналады. Пәннің әдістер жүйесін талдау, синтез, 
абстрактілеу, салыстыру, индукция, дедукция сияқты жалпы ғылыми әдістер, 
сондай-ақ арнаулы кәсіби әдістер құрайды. Биотехнологияны техникалық, 
химиялық, биологиялық ғылымдардың арқасында пайда болған ғылыми-
техникалық прогрестің пәнаралық саласы ретінде қарастырады. Сонымен қатар, 
технологиялық 
үдерісте 
ұлпа 
және 
клетка 
культурасы 
мен 
микроорганизмдердің пайдаланумен қолданбалы ғылым саласында және 
молекулалық биология, микробиология, биохимия салаларында білімдердің 
интеграциясы ретінде биотехнологияны қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   290




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет