4
биохимиялық, микробиологиялық, химико-аналитикалық және басқа да зерттеу
тәсілдерін қолданады. Биотехнологияның дербес ғылым бағыты ретінде
қалыптасуы өз тәсілдерінің дамуына әкелді. Бұл бионысандарды дақылдау,
биомасса ферментациясы, изоляция және алынатын өнімдерді тазалау тәсілдері.
Типтік бағдарлама Кәсіби қазақ тілі курсының қазіргі кездегі әдістемелік және
ғылыми мазмұнына сәйкес жалпы стандарт талаптарын сай, алыс және жақын
шет елдердің оқу орындарында оқытылу тәжірибиесі және ҚазҰУ-нің биология
және биотехнология факультетінің білікті педагогтарының тәжірибелерін
ескере отырып құрастырылған.
Студенттердің тілдік білімін, сөйлеу мәдениеті мен тілдік құзіреттілік
деңгейін жетілдіру «Кәсіби қазақ тілінің» жалпы білім беру бағдарламасындағы
оқу пәні ретінде маңызын арттырады.
Кәсіби қазақ тілі оқу пәні ретінде төмендегідей сипатқа ие:
пәнаралық (қазақ тіліндегі сөйлеу мазмұны түрлі білім
салаларынан: тарих, экономика, ақпараттану, химия, физика, биология,
география, математика, және т.б. хабар береді);
сан салалы (бір жағынан – сан алуан тілдік құралдарды тілдің түрлі
аспектілерімен: фонетика, лексика, грамматикамен байланысты меңгеру, екінші
жағынан – сөйлеу әрекетінің төрт түрлі әрекетін (тыңдалым, оқылым, жазылым,
айтылым ) жетілдіру қажеттілігі;
сан алуан қызметтілігі (оқыту мақсатында және түрлі білім
саласынан ақпарат алу құралы ретінде).
Кәсіби қазақ тілін меңгеру студентті шығармашылық ойлауға, көзқарасын
кеңейтуге, өзінің жеке қасиеттерін жан-жақты ашуға, яғни кәсіби білімін
дамытуға әсерін тигізеді
.
Студент өзіндік жұмыс орындаудың дағдысын
қалыптастырады, шығармашылық дербестікке қол жеткізеді, сол арқылы тілдік
түсініктерді, логиканың барлық түрлерін (талдау, синтездеу, салыстыру,
тұжырымдама жасау) жетілдіреді.
Бұл айтылғандардың бәрі
кәсіби білімді жетілдіруге әсерін тигізетінін,
жоғары білікті мамандарды даярлау міндетін шешудің жолдарын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: