Зертханалық жұмыстардың мiндетi: - бейорганикалық және аналитикалық химияның теориялық сұрақтарына
эксперименттiк негiздеме беру;
-студенгттерге физика-химиялық өлшеу әдiстерiн пайдалана бiлудi
үйрету;
-эксперименттер жасау мен эксперименттiк берiлгендердi суреттей бiлу
дағдысын үйрету;
-студенттердi анықтамалық әдебиеттермен жұмыс iстей бiлуге үйрету.
Дәрiс материалдарын түсiндiргенде және зертханалық-практикалық сабақтарды
жүргiзгенде студенттердiң өзіндік жұмысына (CӨЖ) көп көңiл бөлген жөн.
СӨЖ орындағанда студент тек химияның фактiлерi мен теорияларымен ғана
емес, сонымен бiрге осы фактiлер мен теорияларды алу әдiстемесiмен
танысады. Әрбiр зертханалық жұмыс, әрбiр практикалық мiндет студенттің өзi
шешетiн кiшiгiрiм зерттеуден тұратындай болуы керек.
Студент тек одан әрi оқуда қажет болатын және болашақ практикалық
кызметiнде бiлiм нәрiмен сусындап қана қоймай, зерттеудiң ғылыми
әдiстерiмен, өз бетiнше сұрақтарға жауап бере алатындай және оларды
теориялық, эксперименттiк шешу жолдарын таба бiлулерi қажет. Тек осындай
ғана студенттiң қызметi белсендi бiлiм алудың бiр ғана жолы және теориялық
жұмыс үшiн қажеттi дағдыларды алуға мүмкiндiк бередi.