Жжэ
«Стилистика және әдеби редакциялау» – болашақ журналистердi дайындау бағытындағы ең маңызды практикалық дәрiстердiң бiрi. Бұл тiл, стилистика пәндерiне қатысты курстарды толықтырады. Мақсаты – болашақ газет, баспа, радио және телевизия мамандарына БАҚ-та жариялауға арналған қолжазбаларды талдау және редакциялау әдiс-тәсiлдерiн үйрету.
Осы мақсатта жұмыс iстейтiн редактордың мiндетiне мыналар енедi: тақырыпқа баға беру, тақырып мазмұнын анықтау, шығарма композициясындағы кемшiлiктердi жою арқылы логикалық байланыстарды түзету.
Студент әдеби редактордың кәсiби шеберлiгiн игере отырып, қазiргi қазақ тiлi мен практикалық стилистика негiздерiне ден қояды, тiл мәдениетiн қалыптастыруға машықтанады.
Шығармашылықпен айналысып жүрген қайсыбiр адамға да, оның iшiнде журналистер де бар, өз ойын еркiн жеткiзiп, жазып отырған мәселесiне байланысты тиiстi қорытындылар шығару үшiн және ғылыми немесе саяси құжатқа, мақала мен заметкаға, қысқасы, кез келген баспасөз материалына әдеби форма беру үшiн редациялау процесiн жақсы бiлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |