Газетте әдеби қызметкердiң орны бөлек. Ол материалды iрiктеп алып, әдеби өңдейдi, автормен бiрлесе жұмыс iстейдi. Ал журналдағы әдеби редактор жоспар құрудан бастап журналды әзiрлеп шығаруға дейiнгi барлық процеске қатысады.
Сонымен, редакциялау дегенiмiз – газеттi немесе кiтапты әзiрлеп, басып шығаруға дейiнгi атқарылатын сан-қилы шығармашылық процесс екен.
Редактор қолжазбаға баға бере отырып үнемi шығарма композициясына мән берудi жөн көредi. Шығармада тым әсiрелеу бар ма, сөйлемдерi шұбалаңқы емес пе, қайталаулар кездеспей ме, материал тақырыбы ашылған ба, ептеп қысқарту жүргiзу қажет емес пе, бәрi-бәрi екшеуден өтедi. Әсiресе қолтуманың тiлi мен стилiне баса мән берiледi. Әдеби тiлде жатық жазылған мақала көп жағдайда редакциялауды қажет етпейдi.
Қолжазбамен жұмыс iстеп болған соң әдеби қызметкер (редактор) автордың кемшiлiктерiн айтып, не iстеу керек екенiн ескертiп, қысқа рецензия не қорытынды жазады.
Автор айтылған кемшiлiктердi түгелдей жойғаннан кейiн редакциялау процесiнiң негiзгi кезеңi, яғни шығарма формасымен жұмыс iстеу кезеңi басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |