Редакторкез-келген саяси, шаруашылық, идеологиялық мәселелерден хабардар болуы тиiс. Қайсы бiр әдiлетсiздiк пен жауапсыздыққа, екiжүздiлiк пен жағымпаздыққа қарсы ымырасыз күрес жүргiзе алатын жан болуы керек.
Сол сияқты баспасөзде редактормен қабат қызмет атқаратын әдеби қызметкер де қайсыбiр саладан болмасын (ғылым, техника, мәдениет, спорт, т.б.) жақсы хабардар болғаны жөн. Ол газет және баспа iсiн терең меңгерiп, қолжазбаны газетке немесе баспаға әзiрлеуде сауаттылық таныта алады. Сонымен қабат әдеби қызметкер қазiргi полиграфиялық техника мен технологияны, газет экономикасын, жарнама iсiн, баспа өндiрiсiн жақсы бiлуi тиiс. Тек сонда ғана ол барлық баспалықредакциялық проблемаларды шешiп, баспаға әзiрленiп жатқан газеттiң немесе кiтаптың сапалы болып шығуына жәрдемдесе алады.
Әдеби қызметкер (редактор) мұнымен қатар өте мәдениеттi, сауатты, әдебиет пен әдеби тiлдi жетiк меңгерген адам болуы тиiс. Автордың жазған шығармасын қалың оқырманға жатық тiлде жеткiзiп, материалды түрлi жанрда қызықты етiп әзiрлеу де сол әдеби қызметкердiң лексикалық-стилистикалық құралдарды жетiк пайдалана алатын бiлiктiлiгiне байланысты. Редактор үшiн тiл бiлу – басты қасиет [2, 22].
Әдеби қызметкер (редактор) авторға қолжазбасын жарыққа шығаруға шығармашылық көмек көрсеткенде мақала жазып беруге мiндеттi емес. Ол тек қолтуманың идеялық-саяси, мазмұнды-тәрбиелiк сапасын, тiл-стильдiк мiнiн, жұмыстың құрылымын және басқа да қырларын жетiлдiрушi, ретке келтiрушi. Демек редактор авторлармен, авторлық ұжымдармен жұмыс iстемейiнше бар еңбегi заяға кетедi деген сөз.