ТҮСІНДЕРМЕ ХАТ Биологиялық химия биология бойынша білім беру саласындағы ең
маңызды іргелі пәндердің бірі болып табылады. Биохимияның жетістіктері
қолданбалы салалар мен халық шаруашылығында кеңінен қолданыла отырып,
көптеген мәселелерді шешуде негіз болады. Биохимия бойынша білім ауыл
шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін жоғарылатуда, тағам өнеркәсібінің
рентабельділігін арттыруда, фармацевтика саласында жаңа препараттар алуда
кеңінен қолданылып келеді. Осы заманғы медицина, денсаулық сақтау,
экология түгелінен биохимиялық жетістіктерге негізделген.
Осыған байланысты биотехнолог-мамандарды даярлау оларға табиғи
қосылыстардың негізгі кластарының тек құрылымы мен функционалдық
қасиеттері бойынша ғана емес, сонымен қатар кез келген тірі организмде
жүретін биохимиялық процестердің реттелу механизмдері мен олардың бір-
бірімен
байланысы
туралы,
сондай-ақ
мұндай
организмдерді
биотехнологиялық мақсаттар үшін қолдануға мүмкіндік беретін білім беру деп
түсінуге болады.
«Биохимия» пәнін оқып білу нәтижесінде студент: