56
12
Биохимиялық процестердің энергетикасы.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Пәннің мақсаты мен міндеттері:
Биологиялық химия – табиғаттағы химиялық заттардың және олардың
тірі объекттерінің тіршілігі процестеріндегі түрленуін зерттейтін ғылым. Ол
тірі организмдерде жүретін барлық процестерді терең түсіну үшін негіз болып
табылады. Қазіргі биохимия физиология, генетика, цитология, микробиология,
медицина, молекулалық биология, нутрициология және т.б.
сияқты
ғылымдармен тығыз байланысты. Биохимияның зерттеу объекттеріне әртүрлі
тірі организмдер, вирустар,
бактериялар, өсімдіктер, жануарлар және адам
организмі жатады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында биологиялық
химия жеке ғылым
болып қалыптасты, бірақ оның мәнін түсінбесе де адамдар биохимиялық
процестерді өте көне заманнан бері қолданып келеді.
Биохимия саласындағы
елеулі жаңалықтар ХХ ғасырда дүниеге келді. Бұл ғасырда белоктар
құрылымының
пептидтік
теориясы,
ферменттік
кинетика,
ДНҚ
молекуласының құрылымы, тұқым қуалау мәліметтерінің
ұрпаққа берілу
принциптері және т.б. ашылды.
Табиғи қосылыстардың жеке компоненттерін фракциялау, талдау,
олардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу биохимия әдістерінің негізі болып
табылады. Биохимияның кең таралған әдістеріне хроматографияны,
центрифугалау және электрофорезді жатқызуға болады.
Студенттерде тірі
организмдердің химиялық құрамы, табиғи
қосылыстардың физика-химиялық және биологиялық қасиеттері, зат
алмасуының
негізгі
жолдары,
метаболиттік
процестердің
реттелу
механизмдері мен өзара байланыстылығы бойынша
білімдерін қалыптастыру
пәннің мақсаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: