Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Денелік (сомалық), ұрықтық жəне діңгек жасушалары



Pdf көрінісі
бет14/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап

3. Денелік (сомалық), ұрықтық жəне діңгек жасушалары
3.1 Денелік жасушалары
Жасушалар жөнінде толықтай мағлұмат беру үшін, біздер көптеген ағза
мүшелерінде кездесетін олардың жекелеген негізгі өкілдеріне тоқтала кетейік.
Биологияда қалыптасқан классикалық түсінік бойынша жасушалар денелік жəне
ұрықтық болып бөлінеді.
Ағза мүшелеріндегі ұлпалардың негізін құрайтын денелік жасушаларының
əрқайсысы, хромосомдардың екі жұп көшірмелерінен, яғни диплоидтық саннан
тұрады.
Ұрықтық жасушаларға аналық жұмыртқасы (яйцеклетка) жəне аталық
ұрықтары (спермии) жатады. Бұлар хромосомалардың жекелеген көшірмелерінен
тұрғандықтан гаплоидты деп аталады.
Аталық жəне аналық ұрық жасушаларының қосылып, ұрықтануы нəтижесінде
хромосомалардың жұптануына жол ашылып, олар денелік жасушада қайтадан
диплоидты қалыпқа түседі.
Денелік жасушалар жоғары дəрежеде дамыған жəне өздерінің атқаратын
қызметтері бойынша жақсы маманданған (дифференциация) болып келеді. Денелік
жасушалардың құрылысы мен құрамында жүретін барлық химиялық үдерістері,
олардың атқаратын қызметтеріне байланысты қалыптасады. Мысалы, бұлшық
еттерінің тартылуының жүзеге асуы, олардың жасушаларының құрылым
ерекшеліктері мен құрамындағы арнайы филаменттерге байланысты болады. Бұл
жасушалар басқа ешқандай жасуша түрлерімен ауыстырыла алмайды.


27
Мамандандырылмаған жасушалар даму дəрежесі бойынша қарапайымдау болып
келеді жəне күрделі қызметтерді атқармайды.
Соңғы кездері ғалымдар мамандандырылмаған жасушалардың ағза
мүшелеріндегі маманданған денелік жасушаларының ішінде орналасатынын
анықтаған. Маманданбаған жасушалар атқаратын қызметтері бойынша əлі де
бағытталу мүмкіндіктерін жоғалта қоймайды жəне сансыз рет бөліну
қабілеттіліктеріне ие. Сондықтан бұлар діңгек жасушалары (стволовые клетки) деп
аталады. Бұлар барлық денелік жасушаларға айнала алады деген пікір қалыптасқан
еді. Алайда, соңғы мəліметтерге қарағанда, қайсібір ағза мүшелеріндегі денелік
жасушалардан алынған діңгек жасушаларынан, тек сол мүшеге арналған жасушалар
түзілетін сияқты.
Алғаш рет мұндай жасушалар сүйек кеміктерінен табылған. Оларды бөліп
алып, терапиялық мақсатта қолданған. Діңгек жасушалары моноциттер,
лимфоциттер, нейтрофилдер, базофилдер мен эритроциттер бола алады. Олар қан
жасушаларын түзеді. Сөйтіп, сүйек кеміктерінен табылған жəне қан жасушаларын
түзетін діңгек жасушаларын
гематопоэтикалық
жасушалар деп атаған. Науқас
адамдарға донорлардан алынған сүйек кемігін ендіргенде, оның құрамындағы діңгек
жасушаларын алған пациент қанында, əртүрлі қан жасушаларының түзілуіне жағдай
туылады.
Діңгек жасушалары шарана ұлпалары мен уимбикалды қан құрамынан да
алынған. Ұлпа құрамында кездесетін діңгек жасушаларын, оларды дамып келе
жатқан эмбриондардан алынбауы себепті, «ересек (денелік) діңгек жасушалары» деп
атаса, керісінше эмбриондардан алынғандары – «эмбрионалдық діңгек
жасушалары» делінеді. Шарана мен уимбикалды діңгек жасушалары кейбір
ауруларды емдеу мақсатында пайдаланылды. Ересек діңгек жасушаларымен
салыстырғанда оларды пайдаланудың басты артықшылығы қатарына – иммундық
жауап рекациясының аз ұшырасу мүмкіндігі жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет