Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет16/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап

3.3 Эмбриональдық діңгек жасушалары
Эмбриональдық діңгек жасушаларын арнайы қоректік ортада өсіру мүмкіндігі
болуы себепті, ересек діңгек жасушаларына қарағанда үлкен артықшылыққа ие.
Эмбриональдық діңгек жасушалары
дегеніміз – шарананың дамуының ерте
кезеңінде оның ағзасынан алынатын жасушалар. Оларды құрамында бластоцит
(бластомер) деп аталатын 150-дей жасушасы бар, пішіні жалпақ шеңбер тəрізденіп
келген шаранадан, бластулалық даму кезеңдерінде бөліп алынады. Алынған
жасушалардың ішінде шарананың бөліктерін құруға қатысатын тек 30-ы ғана
эмбриональдық діңгек жасушаларының болашақ желісін қалауға негіз бола алады.
Эмбриондардың қалыпты дамуы барысында эмбриональдық діңгек
жасушалары жүктіліктің жетінші күнінен кейін жоғалып кетіп, олардың барлық
ұлпа түрлеріне айналу мүмкіндіктері сейіледі.
Эмбриональды діңгек жасушалары ұрықтандырылған аналық жасушаларынан
пайда болады. Ересек діңгек жасушалары сияқты, бұлар да диплоидты. Оларда
ДНҚ-ның барлық құрамдары түгелдей кездеседі. Ұрықтанған аналық жасушалардан
зигота пайда болатыны белгілі. Осы зиготаның даму сатыларының өте ерте
кезеңдерінде пайда болатын эмбриональдық діңгек жасушалары, өздерінің ағзаға
қажетті түрлі жасушаларға айналу мүмкіндіктерін ұзақ уақыт сақтай алады.
Алғашқы діңгек жасушаларының жаңа ұрықтанған аналық жасушасында
түзілуі жəне бүтіндей тірі ағзаның бастамасы бола алуы себепті -
тотипотентті
деп аталады.
Дамудың 
ерте 
сатыларынан 
дайындалған 
эмбрионалдық 
діңгек
жасушаларынан барлық түрдегі жасушалар түзілгенмен, олардан бүтіндей ағза
мүшелерін өсіру мүмкін болмайды, немесе ең болмаса қазіргі кездегі технологияның
даму дəрежесі ондай мүмкіндікке қол жеткізбейді. Сондықтан олар
мультипотентті
деп аталады.
Ересек адамдарда да діңгек жасушалары кездескенімен, олар өздері шыққан
эмбрионалды жасушаларға қарағанда атқаратын қызметтері бойынша көбірек
дифференцияланған болады. Мысалы, гематопоэтикалық діңгек жасушалары сүйек
кеміктерінде кездесетін барлық жасушаларды түзе алады. Бұлардан басқа, олардың
бауыр мен бүйрек жасушаларына да айнала алатындары анықталған. Сондықтан
бұларды
плюрипотентті
деп атайды. Плюрипотентті діңгек жасушаларын мидан,
бұлшық еттерінен, теріден, ас қорыту жүйесінен, көз айнасының торшасы мен
қабықшасынан, бауыр жəне көкбауырдан алу мүмкін болған. Мұндай жасушалар
зақымданған ағза мүшелерінің белгілі дəрежеде қалпына келуіне əсер етсе керек
деген болжам жасалады.
Теория бойынша, əрбір эмбриональдық діңгек жасушалары көп жасушалы
ағзада кездесетін 200 арнайыланған жасушалар түрлеріне айнала алады жəне əлі
шынайы түрде дəлелденбесе де, тұтастай ағза мүшелерін түзе алуы мүмкін деген
пікір жасауға негіз бере алады. Мұның бір бұлжытпастай дəлелі ретінде, бір аналық
жасушасынан пайда болған егіздердің, яғни дамуының өте ерте кезеңінде екіге
немесе үшке (үшем) бөлінген ұрықтанған аналық жасушасынан өрбіген сəбилердің
туылуын келтіре аламыз.


31


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет