Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Адам жəне жануарлар жасушаларын биотехнологияда пайдаланудың



Pdf көрінісі
бет19/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап

4.1 Адам жəне жануарлар жасушаларын биотехнологияда пайдаланудың
маңызы
Биотехнологияда адам жəне жануарлар жасушаларын пайдаланудың кезеңі
1949 жылдан басталады. Ол кезде американдық бір топ ғалымдар Эндерс, Уоллес
жəне Робинс адам ұрығының, бұлшық ет жəне тері жасушаларының дақылдарында
полиомиелит ауруының вирусын өсірген. Соңынан вирустарға көбірек адам
ұрығының жəне ересек маймылдың бүйрек жасушалары, тауық эмбрионының
амниотикалық қабығы өзіне тез қабылдағыш болып келетіні анықталды.
Тəжірибелік зерттеу жұмыстарының барысында əрдайым дақылда болатын, егілетін
жасушалар желілері (линия) алынды. Мысалы, олардың қатарында жатыр
мойнының карцинома жасушалары (НеІа), асыранды атжалмандардың (хомяктар)
эмбриондарының бүйрек жасушалары (
ВНК-21
), жасыл мешіндердің (зеленые
мартышки) бүйрек жасушаларын (
Vero
) айтуға болады. Олар əлемдегі көптеген
зертханаларда вирустарды бөліп алуда жəне таза вирустық дəрмектер өндіруде,
вирустық инфекцияларды зерттеуде, аурулардың профилактикалық алдын-алу мен
емдеу шараларына арналған вакцина дайындау үшін пайдаланылады. Егілетін
жасушалық дақылдарды алғанға дейін вирустар біріншілік жасушалар
дақылдарында өсіріледі. Жаңа əдіс вирустарды таза күйінде бөліп алумен қатар,
диагностикалық жəне профилактикалық вакцина дайындау үшін қажетті вирустық
материалдарды үлкен масштабта өңдеуге мүмкіндік туғызды.
Адам жəне жануарлардың жасушалық дақылдарын басқа да бағалы заттарды
алу мақсатында пайдаланылуы – дифференцияланған жасушарды дақылдау, егілетін
жасушалардың тұрақсыздығын реттеу сияқты мəселелерді шешумен тығыз
байланысты. Сондықтан, қазіргі кезде жасушалық дақылдардың биотехнологияға
үлкен жетістікпен енгізілген мысалдарының саны өте аз. Мысал ретінде, адам жəне
тышқан жасушаларының суспензиялық дақылдары арқылы антивирустық
гликопротеид-интерферонын, сонымен қатар тəжірибе жүзінде адам, өгіз жəне
шошқа ұйқы безінің бета-жасушасының егілетін желілерін пайдалану арқылы
инсулин гормонын өндіруді айтуға болады.
Жасушаларды дақылға айналдыру үдерісінде жасуша аралық байланыстар
бұзылып, механикалық зақымданудың нəтижесінде жасушаның беті өзгеріске
ұшырайды, сондықтан, жасушалық дақылдар əдісінің əрі қарай жетілуі,
жасушалардың организмдегі күйін ескере отырып, дақылдау жағдайларын


36
қалыптастыру (оптимизация) жəне тұрақтандыру (стабилизация) əдістерін
қалыптастырумен байланысты болады.
Жасушалар дақылдарының бағалы фенотиптік белгілерін ұзақ уақыт
аралығында сақтап қалуы да шешімді талап ететін мəселелердің бірі болып
табылады. Осындай шешімнің бір жолы – қалыпты диффенцияланған жəне
трансформацияланған жасушаларды біріктіру нəтижесінде түзілген, гибридті
жасушаларды алу болып табылады. Мысалы, қалыпты лимфоциттер мен миеломды
жасушаларды біріктіруден алынған гибрид, дақылдану үдерісінде шексіз өсуге жəне
белгілі антиденелер синтездеуге қабілетті болып келеді. Гибридомды əдісі – бір ғана
антигенді детерминантқа қарсы бағытталған жəне жоғары спецификациялық, бір
жасушаның ұрпағы түзетін моноклональді антидене алуға мүмкіндік береді. Қазіргі
кезде моноклональді антидене өндірісі биотехнологияда маңызды орын алады.
Моноклональді антиденелері – ферменттер мен ақуыздардың полиморфизмін,
өсуді реттеу механизмін, денелік (сомалық) жасушалардың пролиферациясын,
сəйкессіздіктің антигендерін, дифференцияланған жасушалардың əртүрлі типін
сипаттайтын антигендерді зерттеу мақсаттарында пайдаланылады.
Моноклональді антиденелердің тағы бір практикалық маңыздылығы –
диагностикалық, емдік жəне профилактикалық заттар ретінде, биологиялық активті
заттардың таза дəрмектерін (лейкоциттік интерферон) алуда қолданылуы.
Гибридомдық əдістің қолданылуына байланысты, оның өндірістік маңыздылығы
жөнінде американдық қаржылық мекемелерінің деректері бойынша мынадай
фактілерді келтіруге болады: 1987 жылы моноклональді антидене негізіндегі
даиагностикалық дəрмектерді өндіруге 500 млн. доллар, ал 1990 жылы тек қатерлі
ісік (рак) ауруларының диагностикумдарын алуға 2 млрд. доллар қаржы
жұмсалынған. Ғалымдар көптеген қан ауруларына да қарсы күрес жүргізуде, осы
мəселені шешудің бір жолы – “қолдан қан жасау” болып есептеледі.
Биотехнология жетістіктері мал шаруашылығында да қолданылады. Бұл
бағытта аурулардың алдын алу, диагностикалау жəне моноклональды антиденелерді
пайдалана отырып емдеу, мал тұқымдарын генетикалық тұрғыдан жақсарту сияқты
жұмыстарды айтуға болады. Қазіргі кезде малдарды қолдан ұрықтандыру
мəселесінде де биотехнология əдістері кеңінен қолданылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет