4.2 Жасушалық биотехнологияның болашағы жəне даму бағыттары Биотехнологиясының қарқынды дамып келе жатқан бағыты –
биоэлектроника – биологиялық организмдердің құрылымдары жəне электронды құрылымдарымен
тығыз байланысты. Оларға: биологиялық сенсорлар (биосенсор), биологиялық
микрочиптер (биочиптер), биотесттер жатады.
«Биосенсор» деген терминді
айқындайтын компоненттің болуын тікелей қоятын биологиялық материал:
ферменттер, жасушалар, бактериялар, ашытқы, антигендер, антиденелер,
липосомалар, органеллалар, рецепторлар, ДНҚ бар сезімді қабат. Бұл компоненттің
шоғырлануымен функциональды байланысты, дабылды шығаратын құрылғыны
түсіну қажет. Конструкциялық түрде биосенсор – бір-бірімен тығыз байланыстағы
екі биохимиялық жəне физикалық түрлендірігіш немесе трансдюсерден тұратын
құрамдас құрылғы. Қазіргі уақытта биосенсорлардың бірнеше түрлері бар. Олардың
37
қатарында – хеми- жəне биолюминисценция негізіндегі ферменттік электродтар,
ферменттік микрокалориметрлік датчиктер жəне биодатчиктерді айтуға болады.