Қоғамда билік тығыз байланыстағы үш деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді:
1) жоғары ортақ саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте үлкен деңгей;
2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей;
3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтые кіші деңгей.
Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің “субъектісі” және “иелік етуші” деген ұғымдар кездеседі.
Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады.
Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы,қорғаушы, “иелік етуші” болып есептелінеді.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюумен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Олар заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеб береді.
Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент немесе президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті органдар қалыптастырады.
Кейде төртінші билік деп ақпарат құралдарын айтады. Олардың кәзіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алатын орны зор
Саяси биліктің негізгі міндеттері:
қоғамды басқарудың стратегиясын жасау;
қоғам дамуының негізгі бағыттары бойынша нақты шешімдер әзірлеп, қабылдау;
қоғамдық процестерді жедел басқару мен реттеу;
қоғам дамуының тұрақтылығы мен бағытының аса маңызды өлшемдерін бақылау.
Саяси биліктің дамуындағы негізгі үрдістер:
билікті демократияландыру процесі;
билікти интернационалдыру, яғни нақты саяси бимлікке халықаралық проблемалар әсерінің артуы, жекелеген елдердің заңнамалары;
-саяси билікті бөлшектеу;
-биліктің әр-түрлі тармақтары арасында жанжалдардың өршуі;
-билік аппараты төрешілдігінің жоғарғы қарқындары.
Достарыңызбен бөлісу: |