Гаплопродюсер əдісі (гр. haploos – сыңар, жалғыз, лат. Producere – жасу,
шығару) – будан ұрықтан ата-анасының біреуінің хромосомаларының жойылып
қалуы нəтижесінде шыққан гаплоид өсімдікті алу.
Гендік мутациялар – хромосоманың белгілі бөлігіндегі ДНҚ молекуласы
нуклеотидтер қатарының өзгеру нəтижесінде пайда болады. Мұндай мутацияда
гендік бір локус қана өзгереді. Өзгерісі мутацияға əкелетін ДНҚ молекуласының ең
кішігірім бөлігі мутон деп аталады.
Геммогенез in vitro (лат. gemma – бүршік) – ұлпаларды жасанды қоректік
ортада (
in vitro ) өсіргенде бүршіктің пайда болуы.
Гемморизогенез in vitro (лат. gemma – буршік, гр. rhiza – тамыр) – ұлпаларды
жасанды қоректік ортада (
in vitro ) өсіргенде бүршіктің де, тамырдың да пайда
болуы.
Ген (гр. genos – туыс, шығу тегі, ағ. gene) – тұқым қуалау информациясының
генетикалық бірлігі; ДНҚ молекуласының нақтылы бір бөлігі, РНҚ-ның немесе
полипептидтің құрылымы туралы мəлімет сақтайды.
252
Ген репрессиясы (лат. repressio – басу, ағ. gene repression) – ген активтігін
тежеу, көпшілік жағдайда транскрипция үдерісін шектеу арқылы жүреді.