Г Гаметалармен эмбриондарды бағалау – микроскоп арқылы аталған
құрылымдардың биологиялық толыққұндылығын анықтау.
Гаметалардың ұрықтану мүмкіндігі – гаметалардың ұрықтану мүмкіндігі
бар уақыттың ұзақтығы.
Гаметалардың ұрықтануы – сперматозоид пен аналық жұмыртқасының
қосылуы нəтижесінде кариограммада зигота түзілуі арқылы жаңа индивидтің пайда
болуы.
Гаметаның биологиялық құндылығы – ұрық жасушасының ұрықтанып,
жаңа индивидті пайда болғызу мүмкіндігі.
Гаметогенез – жыныс жасушаларының даму үдерісі, яғни алғашқы
диплоидты жыныс жасушаларының гаплоидты маманданған ұрғашы (аналық
жұмыртқасы) мен аталыққа (сперматозоид) айналуы. Жыныс жасушаларының
дамуы жыныс безі гонадада жүреді.
Гаплоид (гр. haploos – сыңар, жалғыз, eidos – түр, ағ. gaploid) – сыңар дара
(гаплоидтық) хромосомалар жиынтығы болатын ядро, жасуша, организм;
гаметалардағы сыңар хромосомалар жиынтығы.