Редифференциялану (
лат. re – əрекеттің қайта басталуы немесе қайталануы,
differentia – айырмашылық) дифференцияланған жасушалардың бір маманданған
жағдайынан басқа жағдайға ауысуы, бөліну арқылы немесе тікелей.
Рекомбинация (
лат. re - ….,combination – қосылу) – ата-аналық екі ДНҚ
молекулалары арасында генетикалық материалдың алмасуынан пайда болатын
рекомбинанттық (будан) ДНҚ.
Репарация – ДНҚ тізбегіндегі физикалық немесе химиялық мутагендердің
əсерінен пайда болған мутациялық өзгерістердің жəне ДНҚ-ның қалыпты
репликациясында түзілген жаңылыстың арнайы ферменттер жүйесінің əсері арқылы
бастапқы қалпына келуі.
Репликация – ДНҚ-ның екі еселенуі. Митоз немесе мейоз жолымен бөлінер
алдында жасушаның ДНҚ-ы екі еселенеді, сондықтан да жаңа жасушалар бастапқы
жасушалардағыдай генетикалық информация алады.
Репликон – өздігінен екі еселенуге (репликация) қабілетті генетикалық
элемент.