Протопластарды өсіру (ағ. protoplast culture) протопластарды сұйық қоректік
немесе агарланған қою ортада өсіру; оның құрамына қосымша компонент ретінде
осмостық активті зат (стабилизатор) кіреді; протопластардың қабығы түзілгенде
протопластарды өсіру жасушаларды өсіруге айналады.
Протопластардың құйылысуы (ағ. protoplast fusion) екі, тіпті одан да көп
протопластардың сыртқы мембраналары қосылып, жеке бір жасушаның пайда
болуы.
Псевдогамия (гр. pseudos – жалған, gamos - неке) – жалған ұрықтану;
ұрықтанбаған аналық жасушасынан организмнің дамуы (гиногенез).