Стерилизациялық блок
– құрал-жабдықтарды стерильдеуге арналған орын.
Субпротопласт
(лат. sub - астында) – протопластың бөлігі, цитоплазмалық
мембранамен қоршалған, құрамында кейбір органоидтары бар.
Суперовуляция
– қосымша фолликулалар өсіп-жетілуі мақсатында, донор
аналығына гормоналды əсер ету тəсілі
Суперовуляцияланған ооциттер
– экзогормондармен əсер ету арқылы донор
аналығынан алынған ооциттер.
Суперовуляциялану деңгейі
– гормоналды егілген аналықтың бір циклінен
алынатын қосымша овуляциялардың мөлшерін білдіретін көрсеткіш.
Т
Тəжі тəрізді өсінді
(ағ. crown gall) – қос жарнақты өсімдіктердің ісік ауруы,
жарақаттанған өсімдіктерде топырақ бактериясы
Agrobacterium tumefaciens
инфекция əсерінен пайда болады.
Термостат
– температураны бір қалыпта ұстап тұруға қажетті қондырғы.
Термостат
–
инкубатор
– гаметалар мен эмбриондарды өсіруге жəне
гаметалардың табысты ұрықтануына жағдай жасалынған арнайы қондырғы.
Тотипотенттік
(лат. totus – барлығы, тұтас, potencia - күш) өсімдіктердің
денелік (сомалық) жасушаларының өсуге қабілеттілігін толық көрсете алуы, яғни
ядродағы генетикалық информация негізінде организм түзу мүмкіндігінің іске
асырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |