13
жіберді. Ондай бактериялар 1 литр суспензияға шаққанда 5 мг интерферон
синтездей алады. Бүл 1 литр қанның құрамындағыдан 5000 есе көп.
Гендік инженерияның əдістерін қолдану үшін, хроммен жақсы өңделген
қожайын – вектор қажет.
Вектор
– белгілі организмде дербес репликацияланушылық қабілеті бар,
сонымен бірге оған бөгде ДНҚ-ның енуіне кедергі келтірмейтін, ДНҚ-ның шағын
молекуласы. Мұндай қабілет бактериофагтар мен плазмидтерде байқалады.
Екінші шарт – микроорганизмдерге векторлық жəне рекомбинантты
молекулаларды енгізудің тиімді тəсілі болуы қажет. Өнеркəсіпте гендік инженерия
əдістерін, микробтық синтез көмегімен медицинада қолданылатын адамдар ақуызын
жəне ветеринарияда қажетті ауылшаруашылық малдарының ақуыздарын өндіруге
мүмкіндік туды. Мысалы, белгілі-бір аурулармен зақымданғандардың организіміне
тиісті ақуыздарды – интерферон, полипептидтік гормондарды, иммунно-
модуляторларды енгізу қажет екені мəлім. Мұндай ақуызар мүшелерде жəне
ұлпаларда өте аз мөлшерде кездеседі, ал олардың кейбіреулерінде дəлме-дəл
ерекшелік қасиеттердің болатыны – қатаң ескеруді талап етеді. Оларды тек
донорлық қандардан немесе өліктер материалдарынан алуға болады. Мұндай
ақуыздарды микробтық синтез жолымен алу үшін, тиімді технологиялық
жағдайларда, өнеркəсіпте қолдануға арналған микроорганизмдерге бөгде гендерді
енгізу тəсілдерін жақсылап игеру жəне осындай микроорганизмдердің тиімді
қасиетін одан əрі жетілдіріп, үдерісті жеделдетуге тигізетін əсерін арттыра түсу
керек.
Соңғы кездерде нуклеин қышқылдарын алмастырудың түбегейлі əдістері
жасалды. Соның негізінде молекулалық биология мен генетиканың жаңа бір саласы
–
ген инженериясы
қалыптасып дамуда. Ген инженериясы одан бұрынырақ
қалыптасқан
хромосоманы, генотипті
өзгертуге
қарағанда, ДНҚ-ны
рекомбинациялау арқылы ген қызметіне араласуға мол мүмкіндіктер туғызды. Ген
инженериясы жəне генетикалық инженерия дегендер егіз ұғымдар, дегенмен
соңғысының жеке гендерден гөрі геномның ірі бөлшектеріне қатысы көбірек келеді.
Достарыңызбен бөлісу: