80
Көптеген микроорганизмдерге минералдық элементер, қоректену жəне
көміртегі көздері мен қуаттан басқа, өсіп-өнуді қолдаушы факторлар деп аталатын,
қосымша заттар қажет болатыны мəлім. Бұл заттарға дəрумендер, амин
қышқылдары, пурин жəне пиримидин негіздері жатады. Осындай заттардың
көпшілігін синтездей алмайтын жəне оған мұқтаж организмдердің өсіп-өнуі үшін,
бұл
затарды
талап
етпейтін
прототрофтыларға
қарама-қарсыларды –
ауксотрофтылар деп атайды. Өсу факторының биосинтез үдерісіне қатысатын
ферменттерді синтездейтін, кейбір белгілі бір қабілеттілік ауксотрофтылықтың
негізі болып саналады.
Мутагендер көмегімен алынған ауксотрофты мутанттардың арасынан
сұрыптау жүргізілуі мүмкін. Осы мутациялардың белгілі бір мақсатпен өндірілетін
өнімдерді алудағы тигізетін əсері жөніндегі дəлелді түсінік, олардың сандық
белгілерін анықтауға негізделген. Ауксотрофты мутанттардың ревертанттарының
ішінен сұрыпталып алынса, өнімділік төмен болуы мүмкін. Мұндай
ауксотрофтылық метаболиттерді синтездеу кезінде, белгілі бір ферменттің
ақауының əсеріне байланысты болады. Бұл жағдайда реверсия тотықсызданған
каталитикалық мутанттарды алуға мүмкіндік береді. Алайда мұнда, тиісті өнімді
синтездеуді катализдейтін ферменттердің реттеушілік қызметі жойылған болуы тиіс.
Келесі бір əдіс – морфологиялық мутанттар арасынан тек сандық белгілеріне
қарай, морфологиялық өзгерістерді анықтауға негізделген, мол өнімді штаммдарды
сұрыптап алу. Осындай сұрыптауды жүргізу барысында, микроорганизмдер
колониясына мутагендермен əсер ету нəтижесінде, тірі қалған мутанттардың
морфологиялық жағынан өзгергендері арасынан бірнешеуін (жүздеген) таңдап
алады да, олардың өнімділігін тексереді.
Антибиотиктер түзушілерді селекциялауда, оларды резистентті мутагендер
арасынан сұрыптау тəсілі жиі қолданылады. Антибиотиктерді қолдана отырып
жүзеге асырылатын мұндай сұрыптау, қажетті дəрмек (препарат) концентрациясын
жоғарылата отырып бірнеше кезеңмен жүргізіледі.
Сонымен, əр түрлі мутанттар кластарының фенотиптері арасынан мол өнім
беретін штаммдарды сұрыптап алу, кездейсоқ мутанттарды сатылап сұрыптау
тəсілімен салыстырғанда, “қажетті” мутантты іздестіруді азайтып, жұмысты
жеңілдетеді жəне істі саналы түрде меңгеруге көмектеседі. Биологиялық активті
заттарды түзетін продуценттерді селекциялаудың осы екі тəсілі бұрыннан қолданып
келе жатқан дəстүрлі əдістер қатарына жатады. Оларды қолдану антибиотиктерді,
амин қышқылдарын, дəрумендерді жəне басқа да затарды алу мақсатындағы
микробиологиялық өндірісін құрудың негізгі шарттары болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: