Лимонқышқылдарының өндірісі. 1893 ж. К. Веллер алғаш рет лимон
қышқылдарын Penicillum жəне Mucor туысы зең саңырауқұлағының метаболиттік
өнімі ретінде түзілетінін көрсетіп берді. Қазіргі кезде бұл қосылыс тамақ,
фармацевтік өнеркəсіптерінде жəне техникалық мақсатта кең қолданылады. Лимон
қышқылын өндіруде əртүрлі саңырауқұлақтар – аспаргилер жəне пеницилиндер, ал
өндірісте тек мутантты –
Aspergillus nider жəне
Aspergillus venti , кейбір ашытқы
штаммдары пайдаланылады. Лимон қышқылдарының синтезі үшін субстрат ретінде
қантты немесе қамысты мелассаның крахмал гидролизатын, қантты сироп
қолданады. Ферментация аяқталғаннан кейін, лимон қышқылдарын реакциялық
ортадан əртүрлі экстракциялық шаралар арқылы бөліп алады. Лимон
қышқылдарының өндірісі, көлемі бойынша барлық органикалық қышқылдардың
ішінде əлемде 1-ші орынды алады. Мұның жылына 350000 тоннасы өндірілсе, оның
99 пайызы микробиологиялық синтез арқылы алынады.