90
Мал шаруашылығында жасанды ақуыз көздерін пайдалану олардың
өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, берілетін жем құрамына 1
тонна ашытқыларды қосу – қосымша 800 кг шошқа етін өндіруге мүмкіндік
жасаса, құс шаруашылығында бұл көрсеткіш 2200 кг дейін жетеді. Сиыр
шаруашылығында олардың рационына ақуыз-дəруменді қоспаларды араластыру,
малдардың сүт өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақуыз өндірудегі ашытқылардың негізгі кемшілігі ретінде, олардың
құрамында көп мөлшерде, яғни 6-12% нуклеин қышқылдарының болуын айтуға
болады. Жəне бір кемшілігі – ашытқылардың қабықшаларының өте берік болуы
себепті, мал ағзасында қортылуы өте қиынға түседі. Олардың қабықтарының тез
бүлініп, мал ағзасында толық қортылуына мүмкіндік жасау үшін, көбінесе
актиномицеттің бір түрінен алынатын ферменттер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: