Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Микроорганизмдерден ақуыз өндірудің практикалық маңызы



Pdf көрінісі
бет55/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап

10.2 Микроорганизмдерден ақуыз өндірудің практикалық маңызы
Тірі ағзадағы ақуыздың атқаратын ролі ерекше екені белгілі. Олардың ішіндегі
бəз біреулері жасуша түзуге қатысса, басқалары ағзада өтетін биохимиялық
реакциялардың жүруін тездететін катализатор ретінде қызмет ететіні белгілі.
Бүгуші ақуыздар жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің
қозғалысын қамтамасыз етсе, кейбір ақуыздар ағзадағы иондар мен
молекулаларды тасымалдауға қатысады.
Егерде көк-жасыл өсімдіктер – құрамындағы азоты бар бейорганикалық
заттардан амин қышқылдарын синтездей алатын болса, адамдар мен жануарлар –
ақуызды қоректік заттармен бірге дайын күйінде алуы керек екендігі белгілі. ХХ-
ғасырдың ортасына таман, адамдар мен жануарларға қажетті мөлшердегі
ақуыздарды, қалыптасып 
қалған 
жолмен 
қамтамасыз 
етіп 
беру
мүмкін емес екендігі анықтала бастады. Жер шарындағы халық саны ақуызды
қажетті мөлшерде өндіруден жоғары деңгейде өсіп келеді. Сондықтан, өткен
ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап ашытқылар, бактериялар, бір жасушалы


89
көк-жасыл балдырлар сияқты микроорганизмдерді пайдалана отырып ақуыз
өндіруді арттыру жолдарын қарастыру, заман талабынан туындайтын өзекті
мəселе болатыны айқындала бастады.
Мал 
шаруашылығы 
өнімдерінен 
алынатын 
ақуыздарға 
қарағанда,
микроорганизмдерден ақуыз өндірудің артықшылығы, олардың өте тез көбею
мүмкіндіктері мен онда өтетін биохимиялық үдерістердің өте қарқынды түрде
жүретіндіктеріне байланысты. Кейбір бактериялардың саны бірнеше сағаттан соң
екі еселенеді, мысалы, ішек таяқшасына бұған 20-30 минут керек болса, ыстық
суларда өмір сүретін термофильді бактерияларға небəрі 5 минут қажет болады.
Қолайлы жағдай туғызылғанда салмағы 500 кг болатын сиырдың ағзасында
тəулігіне 0,5 кг ақуыз синтезделетін болса, осы уақыт аралығында 500 кг
ашытқылар салмақтарын 100 есеге дейін көбейтіп 50000 кг ақуыз өндіре алады
екен. Сондықтан, ақуыз өндіру қарқындылығы бойынша, микроорганизмдерге
тірі ағзалар ішінде тең келері жоқ болып саналады. Олардың құрғақ заттары
құрамындағы ақуыз мөлшері өте жоғары – 30-80% аралығында кездеседі.
Мысалы, микроорганизмдердің қандай систематикалық түрге жатқызылуы мен
оларды өсіру жағдайларына байланысты құрамындағы ақуыз мөлшерлері:
ашытқыларда 50-55%, бактерияларда 50-80%, ал 
микроскопиялық
саңырауқұлақтарда 15-43%-ға дейін болады.
Микроорганизмдердің ақуыз өндірудегі маңыздылығы, олардың қоректік
заттар ретінде əртүрлі, тіпті кейбір, малдар пайдалана алмайтын заттарды
қолдануы себепті арта түседі. Мысалы, осындай малазықтық маңызы жоқ заттар
қатарындағы мұнай өнімдерінің қалдықтары – сұйық парафин немесе құрамында
целлюлозасы бар материялдар, микроорганизмдерден ақуыз өндіру мақсатында
қажетті қоректік орта бола алады. Ақуыз биосинтезі үшін микроорганизмдерге
өсімдік қалдықтары, мал фермаларының нəжістері, əртүрлі өндіріс қоқыстары,
ластанған тұрмыстық сулары сияқты заттар да қоректік орта бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет