Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Рекомбинантты ДНҚ өнімдерінің медицинада қолданылуы



Pdf көрінісі
бет71/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап

3. Рекомбинантты ДНҚ өнімдерінің медицинада қолданылуы
Биотехнологияның медицинададағы ең үлкен жетістіктері – рекомбинантты
ДНҚ (рДНҚ) байланысты орын алды. рДНҚ-технологиясы арқылы адам
ағзасындағы ақуыздардың кодтарына жауап беретін гендерді, бактерия
жасушасының, ашытқы саңырауқұлақтарының жəне сүтқоректілердің геномына
бекітуге мүмкіндік туылды. Осындай тəсілмен реципиент жасушасын адам ағзасына
қажетті ақуыз синтезін жасауға бағыттауға болатыны анықталды.
1972 ж. Стэнфорд университетінің ғалымы Пол Берг (Paul Berg) алғаш рет
рДНҚ алуға қол жеткізді. Содан он жыл өткеннен кейін Эли Лили (Eli Lily) адамның
алғашқы рекомбинантты ақуызы – инсулинді алған болатын. Мұнан кейінгі 20 жыл
ішінде рДНҚ-технологиясының алға қарай дамығаны соншалық, қазіргі кезде
рДНҚ-өнімдері адамдардың əртүрлі ауруларын емдеу мақсатында кеңінен
қолданысқа ие болды. Қазіргі кезде медицинада 70-тен аса рДНҚ-өнімдері дəрі
ретінде сатылса, 80-нен аса түрі клиникалық сынаулардан өтуде.
6-кесте. рДНК- технологиясы өнімдеріне жататын дəрмектер.
Өнім аттары
Атқаратын қызметтері
Альфа -интерферон
Созылмалы С-гепатиті, жүндес жасушалар
лейкозы, созылмалы гранулематоз, склероз
Бета- интерферон
Созылмалы С-гепатиті, жүндес жасушалар
лейкозы, созылмалы гранулематоз, склероз
Сүйек морфогенезіне əсер ететін
ақуыздар
Сүйектің қалпына келу үрдісін оятады
Кальцитонин
Калцидің сүйекте бекуіне жағдай тудырады
Қанның ұюының ІХ факторы
Гемофилия В
Колония түзуді ынталандырушы
фактор
В-лимфоцитінің өсуіне көмектеседі
ДНҚ-аза (пульиозим)
Шырыштың 
бөлінуін 
басады (кистозды
фибриоз)
Өсудің эпидермиялық факторы
(EFG)
Зақымданған тері қабатын емдеуге жағдай
тудырады
Эритропоэтин
Қызыл қан жасушаларының бөлінуіне жағдай
тудырады
Қанның ұюының ҮІІ, ҮІІІ
факторлары
Қанның ұюына көмектеседі
Гамма-интерферон
Созылмалы С-гепатиті, жүндес жасушалар
лейкозы, созылмалы гранулематоз, склероз
Глюкоцереброзидаза
Гоше ауруы
Гранулоцитарлы колония түзуді
ынталандырушы фактор (G-CSF)
Нейтропения (агранулоцитоз), сүйек кемігі
миын тасымалдау
Гранулоцитарлы-моноцитарлы
колония түзуді ынталандырушы
фактор (GМ-CSF)
Сүйек кемігі миын тасымалдау
В-гепатитіне қарсы вакцина
В-гепатитіне 
қарсы 
иммундық 
жауапты


110
қоздыратын антигендер
Адамның өсу гормоны (НGН)
Сүйектің өсуін қамтамасыз етеді
Инсулин
Сусамырды емдеу
Инсулинтекті өсу факторы (IGF-
1)
Өсуді қамтамасыз етеді
Интерлейкин-2
Иммундық жүйені күшейтеді
Интерлейкин-10
Тромбоцитопенияның профилактикасы
Моноклональды антиденелер
Арнаулы ақуыздар құрылымына əсер етеді:
ісік ауруының диагностикасы мен емдеуге,
аутосомды ауруларға қолданылады
Плазминогендер
белсендіргіштері (активаторлар)
Тромбтардың сорылып кетуі
Проурокиназа
Қан ұйытпаушы (антикоагулянт)
Релаксин
Босануда 
бұлшық 
еттерінің 
босаңсуын
(релаксация) шақырады
Супероксиддисмутаза
Оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлауында
бүлінуді азайтады; антиоксидант
Ұлпалық
плазминогендерді
активтеуші (активаза)
Тромбтардың сорылып кетуі
Ісік некрозы факторы (ТNF)
Ісік жасушаларымен күреседі; ревматоидты
артрит ауруын емдеуде қолданылады
Кейбір ауруларға қарсы рДНҚ-өнімді дəрілер, мысалы, сусамырды емдеуде –
инсулин көптен бері қолданысқа ие болған. Бірақ та рДНҚ-технологиясы ашылғанға
дейін, мұндай қажетті ақуыздарды тек қана хайуандардан алатын еді. Атап айтсақ,
жоғарыда аталған инсулин шошқаның көкбауырынан дайындалуы себепті, оның
мөлшері көп болмайтын. Сонымен бірге хайуандардың ақуыздарын пайдалану,
ағзада бөгде заттарға қарсы иммундық жауап реакциясын тудыруы ықтимал еді.
Жəне бір қолайсыз жағдай, хайуандар ақуыздарымен бірге əртүрлі қажетсіз заттар
мен патогенді микрофлораның адам ағзасына түсіп кету қауіпі еді.
Қазіргі кезде рДНҚ-технологиясы арқылы жасалынған ақуыздардың
қайсыбіреулері өте кең қолданысқа ие болған. Атап айтсақ, сұранымы бойынша
алғашқы екі орынды эритропоэтиннің екі формасы алса, үшінші орында инсулин
тұрады. рДНҚ-технологиясы өнімдері – эритропоэтиндер, интерферондар мен
инсулин 2001-2003 жылдардағы барлық сатылған осындай өнімдердің 60 пайызын
құраған. Соңғы кездерде алынған адам ақуыздары белгілі бір ауруларды емдеуге
бағытталуы себепті, өте қымбат тұрады жəне сондықтан олар аз қолданылады.
Қымбат жəне қат дəрмектер қатарында сүйектердің тығыздығы өте босап кеткен
жағдайда емдеуге қолданылатын кальцитонинді айтуға болдады.
7-кесте. Рекомбинантты ДНК- технологиясын қолдана отырып адам
ақуыздарын өндіру мүмкіндіктері
Өндіру əдістері 
Қазіргі
жағдайы
Артықшылық-
тары
Кемшіліктері
Бактерияларда 
Өндіру
Бактерияларды 
Көптеген ақуыздарды


111
əдістерінің
бастапқы
сатылары
қоректік ортада
өсіру оңай жəне
олар 
көбінесе
ақуыздарды
синтездейді
ақырғы 
сатыдағы
өнімдерге 
дейін
жеткізіп алу мүмкін
емес
Ашытқы
жасушаларында
Кең
қолданысқа ие
Синтезделетін
ақуыздары адам
ағзасы
ақуыздарына
жақынырақ
келеді
Қоректік ортада өсіру
бактериялармен
салыстырғанда
қиынырақ; ақуыздарын
алу үшін жасушаларын
еріту (лизис) қажет
Сүт
қоректілерінің
жасушаларында
Бірнеше
жағдайларда
қолданылады,
əсіресе
гибридомдар
Синтезделетін
ақуыздары адам
ағзасы
ақуыздарына
жақынырақ
келеді
Жасушаларын қоректік
ортада өсіру өте қиын;
вирустар 
немесе
пирондармен ластану
қауіпі бар
Адамдардың
жасушаларында
Жасалыну
сатысында
Синтезделетін
ақуыздары адам
ағзасы
ақуыздарындай
Вирустар 
немесе
пирондармен ластану
қауіпі 
өте 
жоғары;
жасушалары өте нəзік;
жасушаларды
өсіру
мүмкін болуы үшін
гендік-инженерлік
модификациялау қажет
Жəндіктердің
жасушаларында
Жасалыну
сатысында
Өндіру
мүмкіндіктері
өте жылдам
Жəндіктердің
жасушаларының 
сүт
қоректілерінің
жасушаларынан
айырмашылықтары өте
көп; өсіру 
əдістері
жасалыну сатысында
Трансгенді
хайуандарда
Əлі 
емдеу
мақсатында
қолданылмаға
нмен, кейбір
өнімдер бұған
жақын
Жасуша 
өсіру
əдістерін
қолданумен
салыстырғанда
арзанырақ
келеді
Жетілу уақытына көп
уақыт 
кетеді;
дəрмектері хайуандарға
зиянды əсер тигізуі
мүмкін; вирустар
немесе 
пирондармен
ластану қауіпі бар
Трансгенді
тауықтардың
жұмыртқаларын
-да
Жасалынудың
алғашқы
сатысының
Тез 
жетіледі;
өнімді алу оңай;
хайуандар
дəрмектердің
əсерінен
қорғалған
Трансгенді
жұмыртқаларды 
алу
қиын


112
Трансгенді
өсімдіктерде
Кейбір
өнімдері
емдеуде
қолданылады,
басқалары
жасалыну
сатысында
Жасуша 
өсіру
əдістерін
қолдануға
қарағанда
салыстырмалы
түрде
арзанырақ;
трансгенді
хайуандарды
пайдалануға
қарағанда арзан,
дəрмектері
өсімдіктер үшін
уытты емес
Трансгендердің
жабайы
популяцияларға
миграциясы
(ауткроссинг);
қоршаған орта үшін
қауіпті, əсіресе оның
ақуыз 
жинақтауға
ыңғайлы 
болып
табылатын дəндері.
Вакциналар дайындау.
Əдетте вакциналар ауру тудыратын патогенді
микроорганизмдердің өлтірілген немесе шалажансар күйіндегілері болып келетін.
Қазіргі кезде ғалымдар рДНҚ-технологиясы арқылы вакцина дайындау үшін қажетті
ақуыздар жасап шығарған. рДНҚ- технологиясы арқылы синтезделген бұл ақуыздар,
ауру қоздырушы патогенді микроорганизмдердің қандай да бір қатысуынсызақ,
иммундық жүйені сол патогендерге қарсы тұруға бейімдейді. Соңғы кездерде
осындай жолмен вирустарға қарсы қоданылатын көптеген əдістерге патенттер
алынған. Солардың қатарында əртүрлі формадағы сары ауруға (гепатит), қышыма,
ВИЧ инфекциясына, адам папилломасы вирусына, өкпе қабынуына (атипичная
пневмония) жəне де басқа вирустар жатады.
рДНҚ- технологиясы арқылы өкпе құрты ауруына (туберкулез) қарсы вакцина
жасап шығару жұмыстарына да үлкен күш жұмылдыруда. Бұл ауруға қарсы осы
кездерде 
патогендерге 
жақын 
туыс
Bacillus Calmette- Guerin (BCG)
микроорганизмдері қолданылып келінген жəне олар əртүрлі əсер етуші еді.
Рекомбинантты технология
BCG
көмегімен вакцинация нəтижелерінің тиімділігін
арттыруы мүмкін деген тұжырым жасалынуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет