Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттыру



Pdf көрінісі
бет96/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап

5.4 Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттыру
Құнарлығы жоғары ГМ өсімдіктерінің қазіргі кезде көп айтылып жүрген
белгілі мысалы ретінде, «алтын күрішті» келтіруге болады. Алтын күріш деп басқа
сұрыптармен салыстырғанда, өз құрамында А дəруменінің құрамына кіретін жəне
оның негізгі құрамдас бөлігінің бірі болып табылатын, бета-каротин мөлшері көп
кездесетін күріш, түрлері айтылады. Бұл технологияның негізін қалаған ғалымдар
ретінде Швейцариялық ғалым Инго Потрикус (Ingo Potrykus) неміс ғалымы Петер
Бейер (Peter Beyer, Цюрих қаласы) айтылады. Бұл ген өз құрамында төрт сатымен
жүретін бета-каротин синтезін қамтамасыз ететін, екі нарцисс гені мен бір


143
бактериалдық гендерден тұрады. Осындай құрамдағы күріштің басқа күріштерден
құрылысы, пішіні бойынша айырмашылығы болмағанмен, тек дəндерінің түсі
алтын-сары болып тұрады. Ғалымдар, негізгі астары күріштен тұратын, дамушы
елдер халқында кездесетін А дəруменінің (ретинол) жетіспеушілігін, осындай
жолмен толықтыруға болады деген тұжырымға келеді. Бұл елдердегі көз жанары
нашар жас балалардың көп кездесуінің негізгі себептерінің бірі – А дəруменінің
жетіспеушілігінен туындайды. Бүкілəлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ)
мəліметі бойынша А дəрумені жетіспейтін балалар саны бүгінде 100-140 млн.адамға
жетеді. Бірақта, бұл идеяның қарсыластары, аталған проблеманы шешу үшін алтын
күріштегі А-дəрумені жеткіліксіз болады деген тұжырым жасайды. Мысалы
Greenpeace қызметкерлерінің жүргізген есептеулері бойынша, күніне 300 гр алтын
күріш жеген ересек адам, өзінің күндік қажеттілігінің тек қана 8% қамтамасыз ете
алады екен. Бұл дегеніміз, ағзаға қажетті А дəруменін толықтай толтыру үшін,
ересек адам күніне 5 кг жуық осындай күрішпен тамақтануы қажет болады.
Сондықтан, көз ауруының алдын алу үшін, тек құрамында А дəрумені көп күрішпен
азықтандыру бұл мəселені шеше алмайды, алтын күріш басқа да азық көздерін
толықтырып тұруы керек деген пікірлер айтыла бастаған.
Осындай жемістер құнарлығын арттыру бағытында алғашқы жасалынған
жұмыстар қатарына томат өнімдерін айтуға болады. Биоинженерлік томат (Flavr
Savr) ГМ технологиясы арқылы жасалынған, құнарлығы жоғарылатылған ең
алғашқы коммерциялық томат еді. Ол ұзақ мерзім қолданыста болды. Бұл өнімді,
жемісі ұзағырақ пісіп, сабақта үзілмей көп тұруы себепті, дəмдірек болатындай етіп
генетикалық модификациялауға ұшыратқан болатын. Бірақ та, бастапқы зерзаттық
өнімін таңдағанда қызанақтың кейбір жағдайларға төзімсіз сұрыпы қолға
ілінгендіктен, кейіннен бұл тəжірибенің нəтижесі құрдымға кеткен болатын. Қазіргі
кезде осы мақсатқа арналып, құрамында ликопині (А дəруменінің бастамасы) бар
қызанақ жəне Е дəрумені мол канола майлары таңдап алынып, тəжірибелік
жұмыстары жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет