Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Өсімдіктердің зиянды жəндіктерге төзімділігін арттыру



Pdf көрінісі
бет94/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап

5.2 Өсімдіктердің зиянды жəндіктерге төзімділігін арттыру
Өсімдіктердің жəндіктерге төзімді түрлерін шығаруға бағытталған
жұмыстары, негізінен (Bt) ақуызын бөліп шығаратын
Bacillus thurinqiensis
топырақ
бактерияларының споралары құрамындағы ерекше ақуыздарын (Cru) пайдаланудан
тұрады. Бұл ақуыз жəндіктердің ас қорыту жүйесіне түскеннен соң, токсиндер түзе
ыдырайды. Bt токсині түскен жəндік ішектерінде тесіктер пайда болуы себепті,
бұлар өледі. Құрамында Bt, Di- pel, Thuricide, vectoBac бар жəндіктерді өлтіруге
арналған улар (инсектицидтер) көп жылдардан бері қолданыс табуда. Олар сүт
қоректілеріне, құстар мен басқа да жəндіктерге зиянын тигізбей, тек қана белгілі бір
зинкестерге ғана əсер етеді. Сондықтан Bt инсектицидтері «табиғи» деп
саналғандықтан, фермерлер оны кеңінен қолданады.
Bt-ақуызының кодына жауап беретін жəне
Су- гені
деп аталатын бактериалдық
ген жүгерінің, мақта мен жертүйнектің ДНҚ құрамына ендірілуі себепті, бұл
өсімдіктер токсин түзе бастаған. Жүгеріге ол европалық тескіш қоңыздары, қорапша
құрты мен оңтүстік-батыс тескіш қоңызынан қорғануға мүмкіндік береді. Мақта
дақылына Bt токсині жапырақ пен қозада тіршілік ететін зиянды құртына төтеп
беруге жəрдемдеседі. Бұл зиянды жəндіктері шаруашылықтарға жылына
миллиондаған долларға шығын əкелетін. Сондықтан Bt қолдану өнім шығымын
бірталай көтеруге мүмкіндік берген. Бірақ та, зиянды жəндіктердің біртіндеп
бейімделе бастауы себепті, бұл технология да кемшіліксіз емес.
Бұдан басқа, яғни залалсыз болғанымен, тиімділік дəрежесі төмендеу
саналатын
əдістер
қатарына 
зиянды 
жəндіктер 
популяциясына
«биодиверсанттарды» ендіру əдісін айтуға болады. Бұл əдісте генетикалық
өзгертулерге (модификация) ұшыратылған, ағзасында летальды гені бар қорапша
құрты табиғи ортадағы жабайы туыстары арасына жіберіледі. Мұндай жəндіктердің


141
жабайы туыстарымен жұптасқаннан туылған ұрпақтары, кейіннен өліп қалады деген
үміт болды. Флоридада генетикалық модификацияға ұшыратылған жыртқыш кене,
өсімдіктерге залалын тигізетін басқа кенелерді жеп құрту үшін табиғи ортаға
жіберілген. Бұл технологияны кеңінен қолдану керек деп есептелінгенімен, осы
мақсатта табиғи популяцияға тиімді əсер етуге жеткілікті болатындай
модификацияға ұшыратылған жəндіктердің көптеген санын жіберудің қиынға
соғатыны кедергі келтіруде.
Микробтық 
инсектицидтер
. Соңғы 
кездері 
өсімдіктерді 
əртүрлі
зиянкестерден қорғау мақсатында қолданылатын химиялық пестицидтердің
қоршаған орта жағдайында толық ыдырап кетпей, айналаны ластауы жəне олардың
канцерогенді жəне мутагенді əсерлері жөнінде көп айтылып жүр. Сондықтан,
осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында, шығу тегі тірі ағзалар болып
келетін инсектицидтерді пайдалану жолға қойылуда. Бұларды қолданудың ең тиімді
себептері қатарында, аталған дəрмектердің тек қана бағытты түрде əрекет етуі мен
қоршаған ортаға зиянын тигізбеуін айтуға болады.
Микробтық 
инсектицидтерді 
алу 
үшін 
вирустар, микроскопиялық
саңырауқұлақтар, қарапайымдылар пайдаланылады жəне мұндағы қолдануға өте
ыңғайлысы – спора түзетін бактерияларын пайдалану болып табылады. Микробтық
инсектицидтер тек қана зиянды жəндіктерге бағытталғандықтан, басқа пайдалы
насекомдарға өз əсерін тигізбейді. Мұндағы микроорганизмдердің патогендігі
белгілі -бір токсиндердің əсері нəтижесінен туындауы себепті, зиянды жəндіктерде
мұндай биодəрмектерге қарсы тұрушылық қабілет қалыптаса алмайды. Жəне бір
маңызды қасиеті – уақыт өте келе микробты пестицидтер өздігінен залалсызданып
кетеді.
Сонымен бірге микроорганизмдер өсімдіктер мен жануарлардың өсуіне өз
əсерін тигізіп, ауруларын баса алады. Кейбір бактериялар топырақтың қышқылдығы
мен тұздылығын өзгертсе, басқалары – топырақ құрамындағы темірді тұтқыш заттар
бөледі, үшіншілері – өсу үдерісіне жауапты заттарды синтездейді. Көпшілік
жағдайда микроорганизмдер арқылы себілетін ұрықтарды немесе егілетін
өсімдіктерді өңдеу (инокулирование) жұмыстары да жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет