Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет27/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Байланысты:
27 (1)

Төрт 
тұғыр 
Көздері 
Мән-мағынасы 
Ақыл 
Ми
Ақыл тұрар қатпарында миынның 
- Баста бәрі – қимас асыл 
сиыңның. 
Ақыл-ес хақтың берген еншісі, 
Білім-кенге түскен мидың елшісі. 
Ерік 
Жүрек
Ақыл керек ерге жаһан бастауға, 
Ақыл, жүрек керек елді ұстауға. 
Жүрегі жоқ тасбауыр жан, соқыр 
нақ, 
Жүрек жоқта, ақыл байғұс, 
ақымақ! 


Әрекет 
Қол 
Қол 
ұмсынып, 
білім 
іздеп 
терледім, 
Сӛзді сӛзге ӛріп, тізіп зерледім! 
Түркі сӛзін үркек тағы киіктей, 
Қолға 
үйретіп, 
қамап, 
ерік 
бермедім! 
Ақылды адам, кӛр, қартайса – 
қайғырар, 
Ақыл кетті дер, қаламы қайрылар. 
Сӛз 
Тіл
«Ақыл кӛркі – тіл, тілдің кӛркі – 
сӛз» 
Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл 
кепіл, 
Жарық тӛгіп, елжіретер тіл деп 
біл! 
Есті сӛзді еске түйіп ал енді: 
«Білген 
құлдан 
білікті 
жоқ 
әлемде» 
Сонымен Ж.Баласағұни адамға табиғат арқылы 
алғашқы нышандар мен қабілет кӛздері берілетінін, оны әрі 
қарай тәрбиелеу арқылы дамыта отырып, адамгершілігі мол, 
жан-жақты 
үйлесімді 
дамыған 
жетілген 
тұлғаны 
қалыптастыруға болатындығы туралы ой тұжырымдайды. 
Мұның ӛзі ғұламаны ақыл-ой тәрбиесі теориясының негізін 
салушы деген қорытындыға әкеледі. Бұл теорияны 
ғұламаның ақыл-ой тәрбиесін беруді ерте жастан бастау 
керектігі туралы ой-пікірлері толықтыра түседі: 
Бала білім жолын қусын десеңіз, 
Бесігінде-ақ ілім шоғын кӛсеңіз... 
Балалық шақ ілім қуып, тоналар,
Жылдар салып береке боп оралар... 


Сәбиіңде кӛкірекке түйгені 
Ӛлгенінше санасында жүреді! 
Ғұламаның бұл ой-пікірлерінен оның педагогикалық 
психология ілімінің де негізін салушы екендігін аңғаруға 
болады. Ғұлама ақыл-ой тәрбиесінің нәтижесі болып 
табылатын білімнің ролін, білім арқылы қалыптастын 
білімділік, ақылдылық, парасаттылық сияқты тұлғалық 
сапалардың мәнін ашып кӛрсете отырып, оқытудың 
тәрбиелік бағыттылығын ашып кӛрсетеді. Оны ғұламаның 
мына ой-пікірлері дәлелдейді: 
Бар жақсылық ақылменен келеді, 
Кісі ақылмен аты мәшһүр, келелі. 
Екеуінде адамдықтың белгісі, 
Ақыл, білім адастырмас, ей кісі! 
Малдан адам айырмасы ақылда! 
Малда ми бар – жоқ қой ақыл, мақұлда! 
Ақыл жайлы ақылды сӛз, қараңыз, 
Оқып, кӛріп, ой алдым деп санаңыз: 
«Кісілердің кісілігі-ақылда, 
Білім болса, адам дана, батыр да! 
Малға айналма, ұста білім, ақылды, 
Танытатын білім, адам, затыңды!». 
Ж.Баласағұни эстетикалық тәрбие беру бойынша да 
маңызды, құндылығы шексіз ойлар айтады. Әрине, ол еш 
жерде эстетикалық тәрбие жетілген тұлғаны тәрбиелеудің 
құрамдас бӛлігі деп ашып кӛрсетпейді, дегенмен оның тұтас 
педагогикалық ілімі тәрбенің осы жағына нұсқау беріп 
отырады. Мұның ӛзі Ж.Баласағұни тәрбие туралы айта 
отырып, тұлғаның эстетикалық тұрғыдан жетілуін оның бір 
саласы ретінде қарастырғанын аңғартады. Ғұлама адамның 
жан-дүниесінің сұлулығына терең үңіле отырып, оның 
адамдық қасиет ретіндегі мәніне ерекше ден қояды: 


Нұрлы кімнің сырт бітімі, түсі де, 
Сондай нұрлы болар сұлу іші де! 
«Нұрлы жүзден кӛзің шоқтай жанады, 
Сұлулықтың кәусәрына қанады. 
Құттың кӛркін байқап кӛріп, түй ішке, 
Ісің оңды болар, тілмен тиіспе!..». 
Ғұлама эстетикалық тәрбиенің танымдық мәнін де жете 
түсініп, ӛнерді тұлғаның эстетикалық тәрбиелілігін 
қалыптастыратын бірден-бір құрал ретінде анықтайды: 
Түрлі ӛнерді біліп алса шетінен, 
Парасаттың нұры ойнар бетінен. 
Ӛнерімен кісі елден бӛлінер,
Ӛнерің асса самғап кӛктен кӛрінер! 
Ж.Баласағұнидің 
педагогикалық 
ілімінде 
еңбек 
тәрбиесіне де басты орын беріледі. Ғұламаның дастанда 
тұжырымдаған негізгі ой-пікірлері еңбектің тіршілік кӛзі 
екендігіне әкеліп саяды. Ұлы ойшыл еңбек - ӛмірдің негізі, 
ал адал еңбек ету адамның басты міндеті, қалтықсыз адал 
еңбек еткен адам ғана халқының алдында мерейі үстем 
болып, құрметке бӛленетіндігін дәріптейді: 
Істің кӛркі – адалдық, ақылдылық, 
Қақпамды бақ, ӛзіме жақын жүріп. 
Менен – мерей болады, еңбек – сенен, 
Еңбек болса, құт есік ашар, сенем! 
Ж.Баласағұни әрбір қызметкерлерге тән кәсіби 
сапаларды бӛліп кӛрсете отырып, еңбекті тұлғаның 
адамгершілік тұрғыда жетілуін бағалаудың басты ӛлшемі 
ретінде анықтайды. Сондықтан ол адам ӛміріндегі еңбектің 
ролі мен маңызын кӛрсете отырып, әр адамның бойында 
еңбексүйгіштікті, еңбекті құрметтеуді тәрбиелеу, еңбек 
мәдениетін қалыптастыру мәселелерін де қарастырады. 


Ғұламаның еңбегінде құқықтық тәрбие мәселесі де 
кӛтеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет