Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты


Тақырып 7. Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясы



Pdf көрінісі
бет25/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Байланысты:
27 (1)

Тақырып 7. Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясы 
Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясының негізі болып 
табылатын жетілген тұлғаны тәрбиелеу туралы ілімі оның 
қоғамдық-саяси кӛзқарастарынан рухани бастау алады, 
соның ішінде педагогикалық ой-пікірлері ерекше мәнге ие 
болады. Жоғарыда айтып ӛткеніміздей, ғұламаның 
педагогикасы ізгілендіруге бағытталған. Сонымен бірге 
онда мұсылмандық дін идеялары да басым екендігін 
ешқашан есте шығармауымыз керек. Ӛйткені мұсылман 
идеологиясының қайнар кӛзі болып саналатын Құран – 
бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті де, мәңгілік кітап, 
ешқашан ӛзгермейтін «Алланың сӛзі» ретінде аса 
құрметтеледі.
Ж.Баласағұнидің 
педагогикалық 
ілімінің 
негізін 
дидактика құрайтынын жоғарыда айттық, ӛйткені «Құтты 
білік» атауының ӛзі айтып тұрғандай, оқу-білім мәселесіне 
арналған. Бірақ, Ж.Баласағұнидің педагогикалық ілімінің 
ерекшелігі оның барлық дидактикасы жетілген тұлғаны 
тәрбиелеу, адамда адамдық ізгі қасиеттерді тәрбиелеу 
идеясына негізделеді. Ізгілікті (адами қасиеттерді) 
тәрбиелеуде Ж.Баласағұнидің ойынша жоғары адамгершілік 
сана мен мінез-құлықты қалыптастыру басты роль 
атқарады, соның негізінде ішкі және сыртқы дүниесі ӛзара 
тең, рухани және дене әсемдігі ӛзара үйлескен жан-жақты 
дамыған тұлғаны тәрбиелеуге болады. 
Адамда адами қасиеттерді тәрбиелеу туралы айтқанда, 
Ж.Баласағұни тәрбиенің тӛрт тұғырына сүйенеді: әділет, 
дәулет, парасат, қанағат. Зерттеуші А.Рыскиева аталмыш 
тӛрт тұғырдың диалектикалық тұрғыдан бірін-бірі ӛзара 
толықтырып отыратынын айта келіп, онсыз тұлғаны 
тәрбиелеудің мақсаты болып табылатын бақытқа жету 


мүмкін еместігін кӛрсетеді:
«Әділеттің ақ туы іспеттес 
Күнтуды (әділет) басты тұлға. Себебі, ізгілікті қоғамның 
мәңгілік арқауы әділеттік, ол - ана сүтімен сүйекке сіңетін 
қасиет. Ал ақыл да, дәулет те, қанағат та, сезім де 
туылғаннан емес жүре бітер қасиеттер және тұрақты 
болмайды, ӛзара қарама-қайшылықта болады. Мәселен, 
дәулет баянсыз, тұрақсыз түлеп, жанғырып тұрады. Ақыл 
адалға да, арамға да бітеді, қанағат жаңғырып тұрады. 
Олардың әрқайсысы жеке-дара алып қарағанда дүниеге 
тұтқа болмайды.
Әділет, бақ, ақыл мен қанағат диалектикалық бірлікте 
болған жағдайда ғана халықты бақытқа әкеледі» [26.Б.127]. 
Зерттеуші осы «тӛрт тұғырлық» ӛлшемдік қағиданың 
«Құтты біліктің» құрылымдық-мазмұндық негізіне арқау 
болғанын ерекше атап кӛрсетеді. Жалпы, Ж.Баласағұнидің 
тәрбие теориясының мазмұнын кӛрсетуге болады (Сурет 4).
Қазіргі 
педагогикада 
оқушының 
жалпы 
және 
психикалық дамуының жеткiлiктi деңгейiне қол жеткiзу 
үшiн‚ ең алдымен 1-шi кезекке‚ бұрынғыша оқушыны 
пәндiк бiлiм‚ бiлiктердiң белгiлi бiр жиынтығымен 
қаруландыру емес‚ оқу әрекетiн қалыптастыру негiзiнде 
тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі. Осы 
тұрғыдан алғанда, Ж.Баласағұнидің ілімінде адамның 
адамгершілік тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ерекше 
кӛңіл бӛлінеді, яғни адамгершілік тәрбиесі басты орынға ие. 
Ғұлама адамды адам ететін мынадай сапаларды бӛліп 
кӛрсете отырып, олардың адамилық, адамгершілік мәніне 
тоқталады: 


Сурет 4 - Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет