Білім беру мазмұны
Жалпы элементтері –
құттың тӛрт діңгегі
Нені қамтамасыз
етеді
Әділет
Дәулет
Ақыл
Қанағат
әділетті қоғам құру
бақытқа жол
кӛрсету
парасаттылықты
тәрбиелеу
қарым-қатынас
мәдениетін
қалыптастыру
Поэмада аталатын «Яғбу», «Ұмай», «Кӛктүрік» сияқты
кӛптеген атаулардың түп-тӛркінін де Орхон-Енисей
жазуларынан жолықтырамыз. Бұл айтылғандар кӛне Орхон-
Енисей, Талас ескерткіштері (V-VІІ ғғ) мен «Құтты білік»
(XI ғ.) арасында дәстүрі үзілмеген тұтас мәдени-әдеби кезең
жатқандығын айғақтайды» [9. Б.28].
Ж.Баласағұнидің
халықтық
педагогиканың
бай
мұрасымен сусындап, оны ӛз еңбегінде пайдалануы, рухани
бастау, қайнар кӛз етіп алуы ғасырлар сынынан ӛткен тәлiм-
тәрбиелiк және танымдық мүмкiндiктерi мол халық
тәжірибесін оның жоғары бағалауы болып табылады.
Белгілі әдебиет тарихын зерттеуші ғалым Х.Сүйіншәлиев
«Ғасырлар поэзиясы» атты еңбегінде Ж.Баласағұнидің
халықтық педагогикадан нәр алғандығын былайша
жеткізеді: ««Құтты білік» кітабының әр беті халықтың ең
кӛне мұраларының бірі болып есептелінетін мақал-
мәтелдерге, қанатты сӛздерге, афоризмдерге толы» [21.
Б.98]. «Құтты білік» еңбегінде халықтық педагогиканың
негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз
әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар,
халықтық тәрбие дәстүрлері, әдет-ғұрыптар, отбасы
тәрбиесінің тәжірибелері және т.б жатады.
Ж.Баласағұнидің педагогикалық ілімінен оның Шығыс
ғұламалары Кайкаустың «Кабуснамасынан», Фирдоусидің
«Шахнамасынан» және әл-Фарабидің, ибн-Синаның, Әбу-
Райхан әл-Берунидің және т.б. еңбектерінен талай ғылым-
білімнің негізін үйренгенін, тәлім-тәрбие алғанын, рухани
тұрғыдан толысығанын байқауға болады. Шығыс
педагогикасы тарихында аса бағалы педагогикалық туынды
«Қабуснаманың» авторы – Қайкаус Каспий теңізінің
оңтүстік жағалауында мекендейтін Гилан ру-тайпасының
ұсақ феодал семьясында (1021-1022 жылдарда) дүниеге
келеді. Ол 63 жасында «Қабуснаманы» ӛзінің ұлы
Гиланшахқа арнап жазады. Ӛзінің қартайғанын баяндай
келіп: «Менің дүниедегі жиып-терген ең қымбат асыл
заттарым – саған арнап жазған осы үгіт-насихат кітабым»,-
дейді [22].
«Қабуснама» мың жасқа қарай қадам басқан
мәңгі ӛлмес жәдігерліктер қатарында келер ұрпақтарға да
ӛзінің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасымен құнды дүние
болып табылады, онда жан-жақты дамыған тұлғаны
қалыптастыруды
кӛздейтін
рухани-адамгершілік,
иандылық, отбасы тәрбиесі және кәсіби білім беру бойынша
тәлім-тәрбиелік идеялар жеткілікті. «Құтты білік» дастаны
мен
«Кабуснамада»
мұрагерлік
дәстүр,
ата-ананы
құрметтеу, дене мен тамақтану гигиенасы, отбасы тәрбиесі,
шешендік ӛнерге баулу мен имандылыққа үйрету сияқты
тағылымдық ой-пікірлер арасында рухани шығармашылық
сабақтастық айқын кӛрініп тұрады.
Дастанда Шығыс ойшылдарының бірі Абулкосим
Фирдоусидің (940-1025ж.ж.) құндылығы жоғары поэмасы
«Шахнамадағы» Ануширван, Феридун, Рүстем, Афрасиаб
сияқты кейіпкерлердің ерлік істері дәріптелініп, ғұлама ӛз
жерлестерін солардан үлгі алуға шақырады. Сондай-ақ,
дастан мазмұнында «Шахнама» поэмасына тікелей
сілтемелер де жасалады: «Байқа Заххақ сорлы неге сорлады,
Фаридун жолын қалай қолдап, оңдады?», «Ұстап жасын
қылышын да Қайдардың, Рүстемдей даңқпен жерді
жайлармын», т.с.с. «Шахнама» сӛзі «Патшалар кітабы»
дегенді білдіреді. Позмада Иранның елу мифологиялық
және тарихи патшаларының ел басқаруы сӛз болады, ол
кӛлемі жағынан әртүрлі үш бӛлімнен тұрады:
1) мифологиялық бӛлім, онда Иранның алғашқы он ел
басқарушысы туралы мәліметтер келтіріледі;
2) ерлік бӛлім, онда негізінен Рүстемнің ерлік істері
баяндалады;
3) тарихи бӛлім, Иран-Сасанидтердің шынайы
Шаханшахтарының әртүрлі кезеңдерде ел басқарулары
суреттеледі.
«Шахнама» - адамгершілік қазынасы болып табылады,
оның негізгі идеясы - қайырымдылық пен зұлымдық
арасындағы күрес, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, ол
күрес, соғыс, қарақшылық, ерлік, батырлық және
сүйіспеншілік туралы кітап қана емес, сонымен бірге ӛнеге,
ақыл-кеңес, адамгершілікті насихаттау, этика мен мінез-
құлықты тәрбиелеу бойынша таптырмайтын асыл мұра
болып саналады [23]. «Шахнама» мен «Құтты білік»
арасында
ақыл
мен
парасат,
ақылдылық
пен
парасаттылықтың тұлғаның адамгершілік сапасы ретіндегі
мәні, жетілген тұлғаны қалыптастыру факторлары, отбасы
тәрбиесі, патриотизм мәселелері бойынша педагогикалық
ойларының ӛзара байланысы бар.
Ж.Баласағұнидің моральдық-этикалық, психологиялық
қағидалары
ибн-Сина
мен
әл-Фараби
ілімдерімен
сабақтасып жатады.
Ӛйткені аталмыш дастаннан да
адамдарды тәрбиелеу – мемлекет кӛздейтін негізгі
шаралардың бірі, зұлымдық барып тұрған әлеуметтік ауру,
оны оқу–тәрбие арқылы ғана «емдеуге» болады.
Адамдардың жақсы қылықтары мен қасиеттерін жетілдіре
білсе, қоғамды да, мемлекетті де жақсартуға болады дейтін
ағартушылық идея аңғарылады [24].
Ғұламаның дүниетанымдық кӛзқарастарын ислам діні
және отырықшы елдердің арасында осы дінге дейін
таралған тәңіршілдік, зороастризм, буддизм, манихей және
христиан секілді әртүрлі діни наным-сенім белгілері
құрайды. Осы діни ағымдардың арасынан «Құтты
біліктің» мазмұнынан анық байқалатын және сана-сезімге
тікелей әсер ететін кӛріністер - тәңіршілдіктегі пұтқа
табыну, шамандық наным-сенімдер. Адамның бақыты,
ӛмірдің мәні, фәни дүниенің жалғандығы, бақи дүниенің
баяндығы сияқты мұсылмандық ұғымдармен қатар
жастық ӛмірдің қас-қағымда ӛтуі, кәрілік пен ӛлімнің
ақиқаттығына қайғыру секілді шамандық сарындар Жүсіп
Баласағұнидің дүниетанымынан айқын байқалады.
Сонымен ұлы ойшылдың дүниетанымында дүниеге
пантеистикалық кӛзқарас қалыптасқан. Дастанда Құдай
дүниені жаратушы бірінші себеп ретінде кӛрінеді. Оны
ғұламаның
«Алла
атымен
айттым
сӛздің
әлібін,
жарылқаған, жаратқан бір тәңірім» деген ой- тұжырымы
дәлелдейді. Орта Азияның басқа перипатетиктері (Фараби,
Беруни, Ибн Сина) сияқты Жүсіп те Алланың әмірімен
пайда болған дүние ӛз бетімен тіршілік етіп, ӛз
заңдылығымен дамиды деген тұжырымдаманы ұстанады.
Дүниенің үлгісі және оның үйлесімді дамуы туралы айта
отырып, ол ерекше қызығушылық тудыратын ой-пікірлерді
білдіреді.
Жүсіптің
әлемнің
құрылысы
туралы
ілімінің
Аристотель-Птолемей жүйелерімен кӛп ұқсастығы бар.
Бірақ,
ӛз
дәуіріндегі
жаратылыстану
ғылымының
жетістіктеріне
сүйене
отырып,
ғұлама
ӛз
осінің
айналасында айналатын жердің шар тәріздес екендігі
туралы тұжырымдаманы қолдайды. Ежелгі ойшылдардың
дәстүрлерін жалғастыра отырып, Ж.Баласағұни қоршаған
болмысты тӛрт материалдық денеден (жер, су, ауа және от)
тұрады және олар жердегі тіршілік пен ӛмірдің негізі деп
есептеді. Ол жер негізгі орынға ие бола отырып, тӛрт
стихияның негізін құрайды деп білді. Ғұлама табиғат пен
қоғамның барлық құбылыстары дамиды және заңды түрде
ӛзгереді деген тұжырым айтты.
Гносеология саласы бойынша ұлы ойшыл сананың
шығу тегі мен мәні, адам ӛміріндегі ақыл мен білімнің ролі
туралы құнды ой-пікірлерді ұсынды. Шығыс перипатетизм
ӛкілдері сияқты, ол да рационалист ретінде ойларын
танытып отырды. Ж.Баласағұни ақылды шығармашылық
күш және материалдық дүниенің заттарын танып-білу
құралы ретінде қарастырды. Оның тұжырымдамасы
бойынша, ақыл адамды білім жарығымен нұрландырады.
Дей тұрғанмен, ғұлама ақиқатты тануда сезімдік
қабылдаудың ролін де жоққа шығармайды. Ойшылдың
адамның санаткерлік іс-әрекетіндегі ақылдың ролі туралы
мәселені ӛте орынды қойып отырғанын баса айтқан абзал.
Ӛзінің
замандастарының
назарын
Ж.Баласағұни
білімсіз таным болмайтындығына аударады: дүниені
неғұрлым терең танып-білу үшін үнемі жүйелі түрде
біліміңді толықтырып отыру қажеттігі мәселесін алға
тартады. Ол адамның жануардан айырмашылығы оның
ақылы мен білімінде екендігін кӛрсете отырып, даналық,
оқу және білім адамды құрметтеу мен бағалаудың негізі,
білім-басты байлық, онсыз адамның сӛзі де, ақылы да
жеміссіз деген ой түйіндейді. Ғұлама ағарту мен ғылымға
сүйене отырып, қоғамдық ӛмір мен ел басқаруды
жетілдіруге болатындығына терең сенім білдіреді [25].
Достарыңызбен бөлісу: |