Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет18/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Байланысты:
27 (1)

Тұтас педагогикалық процесс 
Атқаратын қызметтері 
Тәрбиелеу 
Білім беру 
Оқыту 
Дамыту 
Аксиологиялық 


Мақсаттылық 
принципі 
ғұламаның 
мына 
ой-
тұжырымдарынан да байқалады: 
Ей, білімпаз, бір сӛзім бар ойымда, 
Парасат пен білімпаздық жайында. 
Ақыл – ой шамшырағың түндегі, 
Білімдарлық – жарық кӛзі күндегі, - деген жыр жолдары 
арқылы адамдарды білімге, үлкен парасаттылыққа 
шақырып, тек білім ғана адамға дұрыс жол кӛрсете алады 
деп, кейінгі ұрпаққа ӛсиет айтады. Сонымен бірге ақыл-ой 
ӛрісі білім бар жерде ғана ӛз мәнінде кеңейетінін ескертеді: 
«Ұстау керек ел-жұртыңды біліммен, білім жоқ па, ақылың 
да бүлінген...», «Білікті бек елді ақылмен ұстайды, білім 
жоқ па ақылыңды ел ұқпайды», «Білігі мол, ақыл-ой сай 
кісі, кішіге – ұлы, ал кедейі - бай кісі», «Ақылды сӛз – асыл 
сӛз, інжу-маржан секілді, ақылды ердің сӛзің ұқ, оңға бұрып 
бетіңді». 
Халықтық принципті басшылыққа ала отырып, 
Ж.Баласағұни «Құтты білік» дастанындағы салт-дәстүрлер, 
әдет-ғұрыптарды кӛрсете білді. Олардың ішінде айқын 
кӛрінетін жар таңдау, отау тігу, қонақжайлылық, үлкен-
кішіні сыйлау, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, 
қыз тәрбиесі, т.б. салт-дәстүрлер ерекше орын алады. Бұл 
тақырыпты ашуда халық педагогикасының әдіс-тәсілдері: 
мақтау, сӛгу, жаттықтыру, байқау, үйрету, әңгімелесу, т.б. 
анық кӛрінеді. «Құтты білік» дастанындағы кейіпкерлердің 
сұхбатынан әрбір нақты жағдайда тәрбие міндетін шешу 
үшін әдістердің ұтымды, үйлесімді таңдап ала білу 
керектігін байқауға болады [20. Б.23]. 
Тұлғалық принцип ғұламаның тұлғаларды дастанның 
ӛн бойында дәріптеп, құрметтеп отырауынан анық 
байқалады. Жүсіп Баласағұни адамзат тарихындағы жеке 
тұлғаның рӛлін жақсы түсініп, дастанда Мұхаммед 


пайғамбарды, оның сахабаларын, ортағасырлық түркілер 
тарихында болған тарихи тұлғаларды, ӛзінің кітабындағы 
тӛрт кейіпкерлерді жұртқа үлгі етеді. Дастанда «Бектікке 
лайық бек қандай болуы керек» деген тарауда ӛз бойына 
тектілік, парасат, ақыл, ержүректілік, білімділік, әділдік 
сияқты қасиеттерді жинақтаған адам ғана нағыз бек бола 
алатындығын айтады. Сондай бек қана «Жасай алар ізгілік 
пен ірілік, Заң, ұятты сақтай алар жүгініп! Осындай бек — 
болар халық кӛсемі!» [20. Б.51] дей отырып, тұлғаны 
жоғары құндылықтың иесі ретінде түсіну, мойындау, 
қабылдау 
негізінде 
оның 
бойында 
адамгершілік 
(мейірімділік, сыпайылық, адалдық, табандылық, еріктілік, 
белсенділік) сапаларды қалыптастыруды кӛздейді. 
Бүкіл тәрбие ісі Ж.Баласағұни бойынша табиғатқа тән 
жалпы заңдылықтарға сәйкес болуға тиіс. Ол адамды 
табиғаттың бір бӛлігі ретінде алып қарап, тәрбие ісін 
адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен 
қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу қажеттілігін 
тұжырымдады. Осы талап оның педагогикалық ілімінде 
тәрбие мен білім берудің жалпы принципі ретінде 
айқындалды. Кейіннен Ж.Баласағұнидің анықтаған бұл 
тұжырымы педагогикада «табиғатқа сәйкестілік принципі» 
деп аталды. Ж.Баласағұни адам ӛзінің дамуында жалпы 
табиғатқа қатысты заңдарға тәуелді деп есептеді. Оны 
Айтолды бейнесін табиғатпен сәйкестендіруі жатады: 
Айтолды айтты: - Дана кісі, атымды, 
Қойған екен Айға меңзеп затымды... 
«Бақ қонса адам, кӛңілі судай сарқырар, 
Жаңа айдай толысар да, жарқырар. 
Құт бір күндік, алды жар да, арты-бал, 
Толар дәулет, толған айдай сарқылар!».


Табиғатқа сәйкестілік принципі ғұламаның тәрбие мен 
білім беру адамның жас ерекшеліктері мен даму 
сатыларына сәйкес болу керек деген ой-пікірінен де 
кӛрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет