Астана қаласы №29 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысы бойынша қорытынды-есебі



бет1/5
Дата15.09.2017
өлшемі0,54 Mb.
#32947
  1   2   3   4   5
Астана қаласы №29 орта мектебінің

2014-2015 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысы бойынша қорытынды-есебі
Жалпы ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, жастардың шығармашылық мүмкіндігін дамытудағы, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

ҚР Білім заңы мен ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жүргізіп келе жатқан №29 орта мектебі 2014-2015 оқу жылында «Заманауи сабақтары арқылы білім мен тәрбие сапасын арттыру» тақырыбында жұмыс жасады. 2014-2015 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы  жұмыстар атқарды. «Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, оқушыларға берілетін білім сапасын арттыру және жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерін кеңейту»,-деген мәселесі бойынша келесі міндеттерді жүзеге асырды:

  - Жалпыға бірдей міндетті білім беруді жүзеге асыру;

-Мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

- Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педтехнологияларды кеңінен енгізу;

- Дарынды балалрды анықтап олардың қабілетін дамытуға жағдай жасау.

  - «Мектепке жол» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында жоспарлы     жұмыс жүргізді.Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуда біршама жұмыстар атқарылды. Оқу жылын 1-11 сыныптар бойынша 59 мұғалім, 922 оқушымен, 41 сынып комплектісімен бастап 904 оқушымен оқу жылын аяқтадық. Жыл көлеміндегі жоспарланған ашық сабақтар, жазба, бақылау жұмыстарының уақытысында, жауапкершілікпен және пән мұғалімдерінің ізденісімен жүргізілуінің нәтижесінде өткен екі оқу жылымен салыстырғанда биылғы оқу жылында біраз алға ілгерілеушіліктер болды. Атап айтатын болсақ, 1-11 сыныптардағы білім сапасының қорытындысы өткен оқу жылында 44 % болса, биыл 46,3% -ға артып отыр.

1-4 сыныптар бойынша білім сапасы:


Сынып
Оқу жылы

1

2

3

4


Қоры-

тынды


2013-2014

63

58

58

51

58

2014-2015

67,6

61

58,9

51

60,3





5-11 сыныптар бойынша білім сапасы:


Сынып
Оқу жылы

5

6

7

8

9

10

11


Қоры-

тынды


2013-2014

33

33

31

19

35

44

33

32,6

2014-2015

36,8

28,7

29,6

30,0

25,4

43,3

41,9

33,7

Бастауыш сыныптарға тоқтала кетсек, біршама жоғарғы жетістіктерге жеттік. Атап айтсақ, бастауыштың мұғалімі

«Атамекен» этно-кешені «Үздік сабақ» байқауына қатысқан мұғалімдер:

1.Жанпеисова Алуа Кенжегалиевна 2.Рахимжанова Асемгуль Мухаметкаримовна 3.Нарбаева Қазына Сейткасымовна

«ZIAT» ғылыми әдістемелік орталығы «Ұлағатты ұстаз»

республикалық

І орын
ІІ орын
ІІ орын

Мұғалімнің аты-жөні

Қатысқан іс-шараның атауы

Іс шараның деңгейі (қалалық, республикалық, халықаралық)

Нәтижесі, марапаты

Касанова Райгул Айтуреновна

1.«Атамекен» этно-кешені «Үздік сабақ» байқауы

2.«Үздік педагог» байқауы

3.Білім басқармасы


қалалық



Алғыс хат

Сертификат

Алғыс хат


Ахмадиярова Ботагөз Мелсовна

«Атамекен» этно-кешені «Үздік сабақ» байқауы

қалалық

сертификат

Нарбаева Қазына Сейткасымовна

«Атамекен» этно-кешені «Үздік сабақ» байқауы

қалалық

сертификат

Рахимжанова Асемгуль Мухаметкаримовна

«Атамекен» этно-кешені «Үздік сабақ» байқауы

қалалық

сертификат

Досполова Гульмира Амангельдиновна

«Атамекен» этно-кешені

«Үздік сабақ» байқауы



қалалық

сертификат

Сонымен қатар, ғылыми жұмыстары республикалық басылымдарда жарық көрді. Өткен оқу жылындағы білім сапасымен салыстырсақ, 2014-2015 оқу жылында аз да болса алға ілгерушілік бар. Биылғы оқу жылында ең төмен білім сапасын көрсетіп отырған- 9В сыныбы. Сынып жетекшісі: Жекеева С.М.. Сыныптың өткен оқу жылындағы білім сапасы 30 пайыз болса, биылғы оқу жылында 6,9 пайызды көрсетіп отыр. Негізінен білім сапасы төмен математика, химия, физика, орыс тілі пәндеріне жаңа оқу жылында қосымша сабақтар енгізу арқылы білім сапасын көтеруге болады деп ойлаймын.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет