Астана қаласы №29 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысы бойынша қорытынды-есебі



бет5/5
Дата15.09.2017
өлшемі0,54 Mb.
#32947
1   2   3   4   5

ҰБТ нәтижесі:

Мектепті бітірген түлектер саны -32 оқушы

ҰБТ тапсырғаны – 31.

Жыл көлемінде 11 сынып оқушыларынан 33 рет мектепішілік әкімшілік тест, 18 рет пән мұғалімдері арқылы тест алынды. Әрбір алынған тестің қорытындысы шығарылып, пән мұғалімдеріне, ата-аналарға, оқушыларға алған балл жарияланып отырылды. Пән мұғалімдері тарапынан қосымша сабақтар үнемі жүргізіліп отырылды.Нәтижесінде ҰБТ-дан орташа балл – 65,5 болды. Бұл- төменгі көрсеткіш. Себебі: кейбір мұғалімдердің жыл бойы жүйелі түрде жұмыс жүргізбеуі. Тестілудің нәтижесі педкеңесте талқыланды. 1 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.Ол-Сулеева Диана.

2014-2015 оқу жылында жетістіктерімізбен қатар келесі оқу жылында ескеретін төмендегідей кемшіліктер болды:

1. Білім сапасын көтеру және құзыретті тұлға тәрбиелеуде ата-ана-оқушы-мұғалім ынтымақтастық байланыста болып, оқушының қандай да бір кәсіби бағыт бойынша пәнді таңдай алуына бағыт берудің жетіспеушілігі.

2. Жас мамандардың шығармашылық жұмысқа аз араласуы. Бекітілген жетекші жұмысының нәтижесіздігі.

Жалпыға бірдей білім беру.

Жалпыға бірдей білім беру мәселесі- мектептің өзекті мәселелерінің бірі. Жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру мақсатында  мектепке қарасты тұрғылықты жер 35 мөлтек ауданға бөлінді.Әр мөлтек ауданға жауапты мұғалімдер бекітіліп, оқу жылы барысында 2 рет бақылау жүргізіліп, есептері алынып отырды. Жүргізілген есептер бойынша мектеп қабырғасында білім алатын 15 оқушы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар анықталды.Оның 11-і мектеп жасындағы балалар болса, қалған 4-еуі мектеп жасына дейінгі балалар.Осы мектеп жасындағы 11 оқушының 4-еуі тұл жетім болса, қалған 7-еуі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған қушылар. Көп балалы отбасындағы оқушылардың саны жыл басында 80 оқушыны құраса,жыл соңында 100-ден астам оқушыны құрады.            

Жалпыға бірдей білім беру қорына 014-2015 оқу жылында 14 млн. 797 мың 302 тг. бөлінді. Бөлінген осы қаражаттың ішінде:




  1. 1-4 сыныптардың тамақтануына 12 млн. 586 мың 892 тенге жұмсалған.

  2. Көп балалы және аз қамтылған отбасындағы оқушыларға бір мезгіл ыстық тамақтандыруына 172 мың 781 теңге жұмсалған.

  3. Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақтандыруға 197 мың 669 теңге жұмсалған.

  4. Жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы, мүгедек тобындағы оқушыларға мектеп, спорттық формасын, кеңсе заттарын (дәптер, қалам және т.б.) күзгі, қысқы, көктемгі курткасын, күзгі, қысқы, көктемгі аяқ киім алуына жалпы 1 млн. 653 мың 960 теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

  5. Жетім, мүгедек, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасындағы оқушылардың демалысын ұйымдастыруына 216 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалған.

23 оқушыға жазғы сауықтыру лагеріне демалуға жолдама берілді.

Оқу жылы ішінде оқуға тартылмаған оқушы болған жоқ. Мектеп алды даярлық тобында 30 оқушы 3 топқа бөлініп тәрбиеленіп шықты.

Аталған олқылықтарды жою мақсатындағы 2015-2016 оқу жылындағы басым б а ғ ы т т а р ы :


  1. Мамандардан шәкірттің тұлғалық болмысын дамыта алатын, шығармашылықпен айналысатын мұғалім дайындау бағытында жұмысты күшейту.

  2. Озат, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдердің жаңалығын қолдап, білім сапасын арттырудағы іс-тәжірибесін бақылап, нәтижесін тарату.

  3. Білім сапасын көтеру және құзіретті тұлға тәрбиелеуде ата-ана-оқушы-мұғалім ынтымақтастық байланысын нығайту арқылы оқушының қандай да бір кәсіби бағыт бойынша пәнді таңдай алуына бағыт беру, сол бағытта жұмыс жасау.

  4. Тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдарды дұрыс жолға қою.

  5. «Жас ұрпақ» ұйымының жұмыс түрінде бір ізділікті сақтай отыра, ұлттық тәлім – тәрбие бағдарламаларымен қамтамасыз ету.

  6. БАҚ – ның оқушының дамуына кері әсерін тигізуінің алдын алу.

Директордың оқу –тәрбие жөніндегі орынбасары : Б.Т.Жекенова



2011-2012 оқу жылына талдау

 

    Бүгінгі күні білім беру саласы ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Өйткені, ұрпақ тәрбиесі-ұлан ғайыр еңбек, жауапкершілік жүгі ауыр сала. Бұл ретте Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  «Білім беру жүйесіне қатыстының барлығы, біздің елдің болашағына да қатысты»,- деп, еліміздің білім саласының дамуына барынша жағдай жасалуын үнемі назарда ұстап келеді.



     2011-2012 оқу жылында О.Жандосов атындағы орта мектебінің педагогикалық ұжымы Ел Президентінің “Қазақстан-2030” жолдауын, “Білім туралы заңды”, Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” заңын, “Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасын», ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Алматы облыстық білім басқармасының, Қарасай аудандық білім бөлімінің білім сапасын дамыту туралы шешімдері мен  бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа ала отырып, 2011-2012 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы  жұмыстар атқарды. «Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, оқушыларға берілетін білім сапасын арттыру және жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерін кеңейту»,-деген келелі мәселесі бойынша келесі міндеттерді жүзеге асырды:

    -  Жалпыға бірдей міндетті білім беруді жүзеге асыру;

-         Мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

-         Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педтехнологияларды кеңінен енгізу;

-         Дарынды балалрды анықтап олардың қабілетін дамытуға жағдай жасау.

      -  «Мектепке жол» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында жоспарлы     жұмыс жүргізді.

Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуда біршама жұмыстар атқарылды. Биылғы жылы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.

2011 – 2012  оқу жылында: мұғалімдер саны – 73, оның ішінде

Жоғары білімді – 63 мұғалім

Арнайы орта білімді- 8 мұғалім

Аяқталмаған жоғары – 2 мұғалім.



Мұғалімдердің біліктілік санаты бойынша :

Жоғары санатты- 10 мұғалім

Бірінші санатты- 23 мұғалім

Екінші санатты- 27 мұғалім

Санаты жоқ- 13 мұғалім

Оқушылар саны – оқу жылын  818 оқушы аяқтады.

1-4 сыныптарда – 357

5-9 сыныптарда- 383

10-11 сыныптарда – 78

Оқу қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар саны- 31

Оқу орыс тілінде жүргізілетін сыныптар саны -3

Мектепалды даярлық тобы – 3

Халықаралық олимпиадаларының жеңімпаздары  – 4

 

Жалпыға бірдей білім беру.

Жалпыға бірдей білім беру мәселесі- мектептің өзекті мәселелерінің бірі. Жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру мақсатында  мектепке қарасты тұрғылықты жер ------ мөлтек ауданға бөлінді.Әр мөлтек ауданға жауапты мұғалімдер бекітіліп, оқу жылы барысында 3 рет бақылау жүргізіліп, есептері алынып отырды. Жүргізілген есептер бойынша мектеп қабырғасында білім алатын------толық жетім,                ------ жартылай жетім, --------әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жнұаялардағы балалар ------ саны анықталды.

Жалпыға бірдей білім беру қорына 2011-2012 оқу жылында ----------- тг. бөлінді. -------- оқушыға жазғы сауықтыру лагеріне демалуға жолдама берілді.

Оқу жылы ішінде оқуға тартылмаған оқушы болған жоқ. Мектеп алды даярлық тобында ------ оқушы 3 топқа бөлініп тәрбиеленіп шықты.

 

Мемлекеттік білім стандартының орындалуы.

         Мектепте білім беру «ҚР жалпы орта білім берудің мемлекттік жалпыға міндетті стандарты» негізінде құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бекіткен типтік бағдарламалары негізінде оқытылады. Оқу бағдарламасы бойынша жоспарлаған сабақтардың, жазба жұмыстардың барлығы өткізілгенімен, кейбір мұғалімдерде бағдарлама бойынша ауытқушылықтар кезесті. Мысалы: ағылшын тілі мұғалімдерінде күнтізбелік жоспарлары бір сыныпқа арналған болса да тақырыптары екі түрлі және сағат санында да айырмашылық болды, қазақ тілі пәні мұғалімдерінің жазба жұмыстарының саны сәйкес келмеді, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің топқа бөлінген сыныптарында сағат санында айырмашылық кездесті.  Бірлестік отырысында күнтізбелік жоспарлар немқұрайлы тексеріліп, бекітуге ұсынылған.

         2011-2012 оқу жылының жалпы үлгерімі -                          білім сапасы-                   

Бастауыш буында ең жоғарғы білім сапасын көрсеткен сыныптар:

Мұғалімдері:

Ал ең төмен көрсеткен сыныптар:

Мұғалімдері:

Орта буында ең жоғары білім сапасы:

Ең төмен:

Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері сыныптағы оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізіп, өсу деңгейін жіті назар аударып отырса, осындай кемшіліктер болмас еді. Яғни, білім сапасын көтеруде жұмыс қағаз жүзінде жасалынды да, оқушы білімін көтеруге  нақты іс-шара жасалынбаған. Сынып жетекшілердің әрбір оқушының үлгеріміне көңіл бөліп, қандай да бір пәннен білімінің құлдырап бара жатқанын байқаған жағдайда ата-аналарымен сөйлесіп, пән мұғалімдерімен тығыз байланыс орнатып, оқушыны қосымша сабақтарға тартып, білім олқылықтарын толтыруға септігін тигізбегдігінен осындай нәтиже көрсетіп отыр.

 

   


ҰБТ нәтижесі:

Мектепті бітірген түлектер саны -38 оқушы

ҰБТ тапсырғаны – 29.

ҰБТ-ң  іс-шарасымен бағдарламасы жасалып, материалдар жинақтап, бақылау тесттерден кейін жинақтаған баллдары бойынша талдау жасалынып отырды. Тестілудің нәтижесі педкеңесте талқыланды. Сонда да кейбір мұғалімдер жыл бойы жүйелі түрде жұмыс жүргізбеді. Әсірессе ------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Мектептің әдістемелік қызметі

Мектептің әдістемелік қызметі мектептің келелі мәселесіне негізделген. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру шаралары бірнеше бөлімдерден құралды.



  1. Әдістемелік кеңес, әдістемелік семинарлар

  2. Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы

  3. инновациялық технологияларды меңгеру

  4. «Дарын» бағдарламасы

  5. Пәндік апталықтар

  6. Пәндік олипиадалармен байқаулар

  7. «Жас мұғалімдер» мектебінің жұмысы

  8. «Озат тәжірибе» мектебінің жұмысы

  9. Аттестаттау жұмысы

  10. Білім жетілдіру шаралары

Мектеп бойынша 8 әдістемелік бірлестік жұмыс атқарды. Ақпан айында «Ең үздік бірлестік-2012» байқау өтті. Әр бірлестік өз іс-тәжірибесімен бөлісті, пайдаланып жүрген әдістерінің, технологияларының тиімділігін іс жүзінде көрсетті. Жылдың «Ең үздік бірлестігі» атағын қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі жеңіп алды. Бірлестік жетекшісі: Сабаншиева Н.

Сонымен қатар,  әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда пәндік онкүндіктер мен апталықтардың өтілуі дұрыс жолға қойылып, өз деңгейінде жүргізілуде.

Мысалы апталықтар ішінде маңызды да мәнді өткен МИФ бірлестігінің жеткешісі: Изтелеуова Н., қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің  жетекшісі Сабаншиева Н., орыс тілі мен әдебиет бірлестігінің жетекшісі Заманбекова Г., бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі  Кенбаева Г.пән апталықтары. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық көзқарасын қалыптастыру, өзара іс- тәжірибесімен бөлісу мақсатымен ойластырған сыныптан тыс іс-шаралары жақсы деңгейде өтті. Әлі де болса пән онкүндіктері қағаз жүзінде қалып қойып отырған бірлестіктер бар. Мысалы: ағылшын тілі бірлестігі, жетекшісі Жаксылыкова А. жыл бойы мұғалімдері бірде бір іс-шара өткізбеді. Пән апталықтарын өткізбегендер: дене шынықтыру, бейнелеу, технология бірлестігі жетекшісі: Мухатова Г.

Тарих бірлестігі жетекшісі: Ногайбаева Б.

Мектеп мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибесімен пәндік апталықтарда өткен үлгілі сабақтар арқылы ғана бөлісті, ал өзара сабақтарға қатысу әлі де болса өте төмен деңгейде.

2011-2012 оқу жылында 4 мұғалім аттестаттаудан өтті. Оның ішінде 2 мұғалім біліктілік жоғары санатын растады, 1 бірінші біліктілік санатын растады,  1 мұғалім екінші біліктілік санатын растады.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Дарынды балалармен жұмыс

Мектептің әдістемелік жұмыстарының бір бағыты –«Дарын» орталығының жұмысы. Орталықтың мақсаты: оқушылардың ғылыми ойлау және шығармашылық қызметін ғылыми негізде дамыту, жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын жүзеге асыру үшін мектебімізде жекелеген пәндер бойынша қабілеті ерекше оқушылар тартылды.

Осы жұмыстар негізінде  биылғы жыл жемісті болды.  Атап айтсақ, 4 оқушымыз Халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысты. Ресей мемлекетінде өткен «Компьютерная физика-2012» атты Халықаралық турнирде 11 сынып оқушылары Сабыр М. Және Жайнакова А. І, ІІ дәрежелі орындарды жеңіп алды. Грекия мемлекетінде өткізілген халықаралық«Дети. Инттелект. Культура»  фестивалінде  Серік Ә. І орын тарих пәнінен, Алдиарбек И. Физика пәнінен ІІ орын, Сабыр М. География пәнінен І орын.

Облыстық пән олимпиадаларында оқушымыз Джолдаспекова С. география пәнінен ІІ орынды жеңіп алды. Пән мұғалімі Султанов Б.       Облыстық Мұқағали оқуларында «Мұқағали ізбасарлары» номинациясына ие болған 9 сынып оқушысы Шайзатхан Ш. және облыстық Махамбет оқуларының жеңімпазы Әділбек А.    Мұғалімі Сабаншиева Н.                                           Аудандық пән олимпиадаларында 17 оқушы жүлделі орындарға ие болды: қазақ тілі пәнінен Ұлан А. ІІ орын пән мұғалімі Сабаншиева Н.; орыс тілі пәніен  ІІ орын Жақсылық С, Сатинова А., пән мұғалімі ЗаманбековаГ.Т  информатика пәнінен  Шарапхан Н. ІІ орын  пән мұғалімі Жапарханова М. биология пәнінен ІІ орын Уатаева Г.,пән мұғалімі Когабаева Б. математика пәнінен 9 сынып оқушысы Малик Ж.              ІІІ орын пән мұғалімі Абдыбаева Ж. және 10 сынып оқушысы Әшірімбет Е.  ІІ орын пән мұғалімі Кадримбетова М. тарих пәнінен ІІІ орын Мусагалиева Индира  пән мұғалімі Ногайбаева Б. Қазақ тілінен 9 сынып оқушысы Дурсунов С. ІІІ орын пән мұғалімі Султангажиева С.т.б.

Шәкіттерді тәрбиелеумен қатар өздерінің әдістемелік шеберлігін шыңдау мақсатында ұстаздарымыз көптеген байқауларға қатысып түрлі деңгейлерде жетістіктерге жетті. Атап айтсақ,  бастауыш сынып мұғалімі Кошекова Н. аудан көлемінде өткен «Сынып жетекші-2012» байқауында ІІІ орынды жеңіп алса, Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен өткен «Білім» сайысында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бектасова Б. дипломмен марапатталды. Облыс көлемінде өткен жаттықтырушылар арасындағы байқауда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Чоинбаев К «Үздік жаттықтырушы» номинациясын жеңіп алды.

        « Бұлақ көрсең, көзін аш демекші, оқушылардың тәрбие саласынан да Республикалық, облыстық деңгейде алған жетістіктері деп өте көп. «Жан достар» КТК командасы облыстық лига жеңімпаздары. Мектептегі «Жас ұлан» патриоттық ұйымы әскери-спорттық ойындарда ІІ орын. Мұғалімі Билалов Е. Алматы қаласы әкімінің ұйымдастыруымен өткен жарыста біздің боксшыларымыз І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Республикалық «Жас музыканттар байқауында 9 сынып оқушысы Әділбек А. және 5 сынып оқушысы Кенжегали С. Ж..Лауреат атанып дипломдармен марапатталды. Мұғалімі Буранкулова. Сонымен қатар  мектепте өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс істейді.

 

 



 

 

           Үстіміздегі жылы осы ұйымның басшылығымен мектепте көптеген аудан көлемінде іс-шаралар ұйымдастырылды.     



10 сынып оқушысы Шарапхан Н. қазақша күрес спорт түрінен өткен Республикалық жарыста жеңімпаз атанып, «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» атағын алды. 5 сынып оқушысы Оспанова Гулден каратэ спорт түрінен Республикалық жасөспірімдер арасында өткен сайыста І орынды жеңіп алды.

9 сынып оқушылары Кочиев Э және Держалиев Р. және 5 сынып оқушысы Байрамов М. грек-рим күресінен аудан, облыс көлемінде бірнеше дүркін жеңімпаздары.

   Осы аталған жетістіктер мектеп ұстаздарының білімінің және адал  еңбегінің нәтижесі деп ойлаймын.

Сөзімді қорытындылай отырып жаңа оқу жылында сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық тілеймін.

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет