Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам



Pdf көрінісі
бет29/174
Дата08.02.2022
өлшемі2,02 Mb.
#117393
түріМетодические рекомендации
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   174
Байланысты:
Үйде оқыту

 
Бөлімдер
Оқуға арналған ұсынылған тақырыптар
Сағат 
саны 

«
Денсаулық» 
Салауатты өмір салтын насихаттау (біздің және 
оқытылыпжатқан тілдің елінде), салауатты өмір 
салтын 
насихаттауда 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының рөлі 


«
Тамақ» 
«Қазақстанның және оқытылып жатқан тілдің 
елі/елдерінің ұлттық асханасы», дастархан 
басындағы тәртіп ережелері, жағымды әдеттер 


«
Білім» 
Мектеп (мектеп түрлері), Қазақстандағы және 
оқытылып жатқан тілдің елдеріндегі білім беру 
жүйесі


«
Саяхат» 
Демалыс түрлері, көрікті жерлер, тұрғын үй 
түрлері, атақты саяхатшылар және олардың ұлы 
жаңалықтары


«
Оқытылып жатқан тілдің 
елдері» 
Америка құрама штаттары, Вашингтон және 
оның көрікті жерлері, АҚШ қалалары, мерекелер 
мен салт-дәстүрлер, АҚШ-тың атақты адамдары 
және олардың әлем мәдениетіндегі үлесі

Түзете оқытудың іскерліктер мен дағдыларды дамытуға арналған 
жаттығулар үлгісі
 
1. 
Оқытушының нұсқауларын тыңдау және
Оқытушы: Ореn thе dооr, shut thе window, tаkе thе bооk және т.с.с.
Оқушы әрекетті орындайды
 
2. 
Сөз тіркесін немесе сөйлемді қайталау
Оқытушы сөз тіркесін айтқанда оқушы оны анық, қатесіз және жылдам 
қайталау керек. I like this white house. 
3

Жаңалықтар енгізіле отырып түзету жаттығуларының 
қайталануы  
Kate has a cat . Kate has a cat and a car and a hare. 
 
4.
Алмастырусыз түрлендірулер


56 
Сұраулы түрлері жаттығады. 
Стимул. I study in the morning. 
Реакция. Dо уоu study in the morning? 
Ргеsеnt Indefinite жекеше түрдегі үшінші жаққа түрлендіру. 
Стимул. I study in the morning. 
Реакция. Не studies in the morning.
Кейде бұл жаттығулар әңгімелесу формасында болады. 
Стимул. The students аге busy. 
Реакция. Аге the students busy? Yеs, they are. 
5. 
Қандай да бір өзгерістері бар ауызша алмастырулар 
Мысалы, сөздің формасында өзгерістері бар. Зат есімнің көпше түрін 
жасау жаттықтырылады.
Мұғалім.The boys are coming.( girls, children сөздеріне алмастырылады) 
Оқушылар қайталайды. The boys are coming.
Бұндай түзету сабақтары оқушыларда тілдік үлгілерді еркін және тез 
қолдана алуға үйретеді. Түзету жұмысының ерекшелігі тілдік материалды 
мұқият дозалау болып табылады. Сондай-ақ шаршауды, тежелуге бейімділікті 
ескеріп әрекет түрлерін ауыстыруды жиі жүргізу қажет.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды шет тіліне оқыту 
ерекшеліктері
Шет тілін оқыту – бұл оқу материалын жүйелі түрде қайталау 
нәтижесінде алған білім мен тәжірибені белсенді меңгеру және алған білімді 
қолдану әдістерін меңгеру процесі. Жоғарыда аталған ағылшын тілі 
сабағындағы әдістер мен тәсілдер балаға аса жүктеме түсірмейді, керісінше өзін 
оқу процесінің толыққанды тұлғасы ретінде жүзеге асырудың үлкен 
мүмкіндігін қамтамасыз ететін оңалту ортасын жасайды. Үй жағдайында білім 
алатын оқушылар бірден оқытудың шынайы субъектілері болмауы мүмкін, 
бірақ біраз уақыттан соң олар өздері үшін, өздерінің дамуы үшін оқып 
жатқанын түсінеді және сезінеді. Ал мұғалім данагөйлік шыдамдылық, 
қайырымдылық, үнемі қамқорлық танытып, балаларды сол күйінде жақсы 
көріп, әрбірінің жетістіктеріне қуана білуі керек.
Үйде оқытылатын білім алушылар үшін барлық пәндер бойынша оқу 
сағаттарын қысқарту жағдайында қашықтан білім беру бағдарламасы ерекше 
өзекті болады. үйде ағылшын тілін оқыту үшін аптасына тек бір сағат беріледі. 
Бұл өте аз екені белгілі. Онлайн-сабақтар мүгедек балалар мен әр түрлі 
сырқаттары бар балалар үшін оқу бағдарламасын өтуге толық мүмкіндік береді. 
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ағылшын тілі сабағының түзету 
бағыттылығы бұзылысты түзету мақсатымен ағылшын тілі сабағында белгілі 
бір жұмыс технологияларын, әдістер мен тәсілдерді таңдау қажеттілігі болып 
табылады. қашықтан оқыту технологияларын қолданған ағылшын тілі 
сабағының мақсаты – бала әрекетіне қолайлы жағдайлар жасау арқылы оны 
дамыту, балаларды дербес өмірге, еңбекке тәжірибелік дайындау, әлеуметтік 
бейімделуге ықпал ететін білім мен іскерліктерді қалыптастыру. Ағылшын тілі 
сабақтарында зейінді түзету әр түрлі жаттығуларды орындау арқылы, ауызша 
байланыстырып сөйлеу тілін түзету және дамыту мәтінмен жұмыс (оқу, 


57 
тыңдалым) арқылы, жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін түзету және дамыту 
жазбаша жаттығулармен жұмыс барысында, есте сақтауды, түрлі ойлау 
операцияларын түзету мен дамыту жүзеге асырылады. 
Мұғалімнің міндеті балаларды оқу процесіне бірден араластыру болып 
табылады. Ағылшын тілі сабағында оқушы оған таныс емес тілде сөйлеседі. 
Тілдік сергіту мен фонетикалық жаттығулар оқушыны қызықтыруға, оны 
сөйлесуге ынталандыруға бағытталған. «How are you?» («Қалың қалай?»), How 
is your mother? What is the weather like today? 
Және басқа сұрақтар күнделікті 
сөйлесуге жақындатылған және әдетте қиындықтар туғызбайды. Оқушылар 
тілдік ортаға енгізіледі. Оқушы сұраққа жауап беруге қиналса, оған тірек 
суреттер немесе тірек сөздер беру керек. Оларды экранға шығаруға немесе 
сөздері бар карточкаларды дайындауға болады. ауызша сөйлесу кезеңінде өткен 
материалды қайталау қажет. 
Сабақтың келесі – негізгі кезеңі. Бұл кезеңде жаңа лексикалық
грамматикалық, тілдік материалды енгізу іске асырылады. Бұл кезеңдегі басты 
мәселе – оқушының назарын ұстап тұру.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларда әр түрлі сырқаттар болады. 
Қалай ойлайсыздар, сабақты баланың сырқатына байланысты жоспарлау 
керекпіз бе?
Шағын тапсырманы орындау ұсынылады. Оқушылардың ерекшеліктеріне 
байланысты жаттығуларды таңдап көрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет