15
алу журналы (немесе «үйде жеке тегін оқытудың үлгерім журналы») болады (3-
кесте).
Оқыту мен аралық аттестация (мерзімі мен формасы) білім алушының
ата-анасымен (немесе заңды өкілдерімен) келісілген және білім беру ұйымының
басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Білім алушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалауда әрекеттегі
бағалау жүйесі қолданылады. Бағалар «Үйде жеке тегін оқытудың үлгерім
журналында» қойылады. Қажет болған жағдайда әр сабақта ата-ана оқыту
мазмұнымен және оқушының бағаларымен танысу туралы журналға қолын
қояды. «Үйде жеке тегін оқытудың үлгерім журналындағы» бағалар
педагогтердің жұмыс уақытын есепке алу табелін толтырғанға дейін айына бір
рет сынып журналына көшіріледі.
Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша бақылауды мектеп директорының
бұйрығына сәйкес осы бағытта жетекшілік ететін директордың орынбасары
жүзеге асырады.
Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың аралық аттестация нәтижелері,
сыныптан сыныпқа көшу туралы ақпарат және мектепті бітіру туралы
мағлұматтар сынып журналына уақытында енгізіледі.
Үйде оқытылатын білім алушыны келесі сыныпқа көшіру туралы
шешімді оқушыны (үйде) жеке оқыту үшін құрастырылған оқу жоспарының
барлық пәндерінен білім беру бағдарламаларын меңгеруін талдау және
жағымды жылдық бағалар болуының негізінде мектептің педагогикалық кеңесі
қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: