12
1.3.1
Үйде оқытылатын оқушыларға білім беру мазмұны
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі
мен жан-жақты дамуын
қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі
бойынша білімдер жүйесі (кешені) [1].
Әрбір білім беру деңгейінің мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары негізінде әзірленетін пәндер бойынша үлгілік оқу
бағдарламалардың кешені (немесе жиынтығы) болып табылатын жалпы
білім
беретін бағдарламалармен айқындалады.
Үлгілік қағидалардың 19-тармағына сәйкес
инклюзивтік сыныптарда
оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, оның ішінде үйде
оқытылатын балалар жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке
бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін. Ал 20-тармақта
оқу және тәрбие
процесі оқу жұмыс бағдарламаларына және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес
жүзеге асырылатыны атап көрсетілген.
Үлгілік оқу жоспарының вариативті бөлімінің пәндері (оның ішінде
түзету пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламасы болмаған жағдайда, сондай-
ақ білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін
есепке ала отырып үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдеу кезінде үйде білім
алушы үшін «жеке оқу жұмыс бағдарламасын» әзірлеу ұсынылады.
Осылайша, үйде оқытылатын оқушылардың пәндік білім мазмұны жалпы
білім беру пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен, қажет болған
жағдайда білім алушылардың психофизикалық
даму ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерін, кемістіктің күрделілігін, ерік-жігер саласының ерекшеліктерін,
сырқаттың жүру сипатын есепке ала отырып жасалған үлгілік оқу
бағдарламалардың негізінде әзірленген жеке оқу жұмыс бағдарламасымен
анықталады.
Үлгілік оқу бағдарламаларының (немесе жеке оқу жұмыс бағдарламалар)
негізінде мұғалімдер әрбір пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды
әзірлейді, ол әдістемелік бірлестіктің отырысында
талқыланады және мектеп
басшысымен бекітіледі.
1.3.2
Оқу уақытын есепке алу және нормасы. Үйдегі оқытылатын білім
алушылардың оқу нәтижелерін қадағалау
Үйде оқыту сырқатқа байланысты қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді
болады. Оқудың ұзақтығы дәрігерлік-консультациялық комиссияның
қорытындысында (немесе медициналық анықтама)
көрсетіледі және
анықтамада көрсетілген мерзімге байланысты сабақ кестесі жасалады. Үйде
оқытылатын баланың сабақ кестесі сынып жетекшімен құрылады және ата-
анамен (немесе заңды өкілмен) келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі (2-
кесте).
Кестені құру кезінде Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген
13
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларын (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар)
басшылыққа алу ұсынылады. Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес
сабақ кестесін құрған кезде бір күн (және бір аптаның) ішіндегі оқушылардың
ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескерілуге тиіс және қиындық бойынша
пәндерді саралау кестесі пайдаланылады (Санитариялық қағидаларға 12-
қосымша). Апта ішіндегі жоғары сынып оқушыларына арналған оқу жүктемесі
сейсенбі және (немесе) сәрсенбі күндеріне
оның барынша көп көлемі
келетіндей; кіші және орта сынып оқушылары үшін сейсенбі мен бейсенбіге
келетіндей бөледі. Осы күндері сабақ кестесіне ең қиын немесе орташа және
жеңіл пәндерді қояды және қалған күндерге
қарағанда пәндердің саны да
көбірек болады. Сәрсенбіде кіші және орта сынып оқушылары үшін
жеңілдетілген күн көзделеді. Бір күн ішіндегі баллдың ең аз саны дүйсенбі және
сенбі күндеріне келуі тиіс.
2-
кесте. Үй жағдайындағы жеке сабақ кестесінің үлгісі
Достарыңызбен бөлісу: