Лекция. Тақырыбы: Пәнге кіріспе Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата08.02.2022
өлшемі343,07 Kb.
#118002
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-lektsia

Қазақстанның 
қазіргі 
заманғы 
тарихы
Қазақстан 
Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және 
басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір 
бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз 
байланыста ұштасып жатыр. 
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
– Ұлы 
Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, 
құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша 
отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ 
халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ 
қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде 
пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік 
бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың,
экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен 
етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет