Оқытылатын курскелесі бөлімдерді қамтиды



бет1/13
Дата29.04.2024
өлшемі3,79 Mb.
#201552
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
0u0V3SlqJ8g9By996rtQQbJxnFbokz0QYkx41cR1





Кіріспе
«Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері» элективті курсы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың рухани жаңғыруын басшылыққа алады. Отаршылдық кезінде дағдарысқа ұшыраған рухани саланы қайта жаңғырту бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Сол себепті, аталған курс ежелден қазіргі күнге дейінгі Ұлы Далада орын алған рухани саладағы оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастырады және болашаққа бағдар береді.
Ұсынылып отырған «Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері» курсы элективті пәнге жатады.
Оқытылатын курскелесі бөлімдерді қамтиды:
1. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары
2. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі міндеттері
Бағдарламаның мақсатыпатша және кеңестік билік кезінде дағдарысқа ұшыраған руханиятымызды қалпына келтіріп, әлемдегі дамыған отыз елдің қатарында болуды мақсат тұтқан Тәуелсіз Ұлы Дала елінің рухани жаңғыруын жастар санасына сіңіру арқылы креативті тұлға қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері:
1) Ұлы Дала еліндегі ежелгі дәуірден қазірге дейінгі ұлттық сананың сабақтастығын анықтау;
2) Патша және кеңестік отарлаудың қазақтың ұлттық санасына кері әсерін айқындау;
3) Қоғамдық дамудың әр кезеңіндегі ұлттық зиялылар мен саяси элитаның ұлттық руханиятқа сіңірген еңбегіне баға беру,
4) Тәуелсіздіктің қоғамдық сана мен ұлттық руханияттың қайта жаңғыруына әсерін жан-жақты зерделеу;
5) Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласындағы негізгі бағыттар мен тапсырмалар бойынша тарихи сана қалыптастыру;
6) Оқып-үйреніп отырған кезеңдегі түрлі тарихи құбылыстарға өзіндік талдау және бағалау қабілеттілігін қалыптастыру;
7) Қоғамдағы әрбір жастың рухани өзін-өзі тану қабілетін дамыту;
8) Жастар арасында қазақстандық патриотизм сезімін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет