Пререквизиттер: Мектеп бағдарламасындағы Қазақстан тарихы пәні және Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Постреквизиттер: Саясаттану, Әлеуметтану және Философия
Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады: 1) тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи сабақтастығы жөніндегі білімін көрсетеді;
2) өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетіп, сыни қарайды;
3) Қоғамдық сананың отаршылық кезеңдегі дағдарысы және тәуелсіздік жағдайында қайта жаңғыртудың өзектілігі, негізгі кезеңдері туралы объективті тарихи білімдерін көрсету.
4) Қоғамдық сананы қайта жаңғыртуда ұлттық кодқа негізделген менталитет, әдет-ғұрып, салт-сана, тарих, мәдениетті қолдану.
5) Қоғамдық сананы қайта жаңғыртудың бағыттары мен міндеттеріне негізделген тарихи-мәдени дамудың байланыстылығы мен сабақтастығына талдау
6) Ұлттық кодқа негіделген қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастырудағы қайта жаңғыртудың іргелі рөлін негіздеу
7) тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен ортақтық ұғымдарын, Қазақстанның рухани мұрасының терең тамырларын салыстырады;
8) ұлттық басымдықтарға сәйкес тарихи сана мен дүниетанымдық қағидалардың қалыптасуының маңыздылығын анықтайды;
9) қоғамның демократиялық құндылықтарды толеранттық өзара келісушілікті азаматтық ұстаным тұрғысында қабылдайды.