Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет105/155
Дата08.02.2022
өлшемі1,69 Mb.
#118207
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   155
Байланысты:
249 әдіс тәсіл pdf

«Оқушылар сұрақ қояды» 
Оқушыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар 
сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту 
құралы ретінде қолданылуы тиіс.
Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» 
оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып 
табылады. 
Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына 
уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы 
түсінілуін болдырмауға көмектеседі. 
«Оқушылар сұрақ құрастырады» 
Мысалы –

Сіз жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келді?

Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан 
сұраңыз; 

Сіз өз біліміңізді бұдан әрі жақсартқыңыз келген 
білім/түсінбеу саласын көрсетіңіз. 
Сыныпта сұрақтарға арналған қорапша қоюға болады, оқушылар 
оған сабақ аяқталғаннан кейін өз сұрақтарын салады.
Немесе арнайы сабақ ұйымдастыруға болады, онда оқушылар 
бүкіл сынып болып жұмыс істейтін немесе келесі сабаққа негіз 
болатын сұрақтарды құрастырады. 
«Он сұрақ» 
«Он сұрақ» әдісі арқылы алған біліміне сүйене отырып, ойды 
жинақтап, түйін түю: Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның 
маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы 
сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ» не «ЖОҚ» деп 
беріледі. Оқушы сол арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ұғымды табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет