9. «Конверттегі сұрақ».
Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаңыз
және оқу мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз.
Конвертті оқушыларға таратып 2 минут уақыт беріңіз: оқушы стикерде
өз атын, сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және
конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше
конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді жинап, бірнеше
жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып жауаптардың
қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды
10. «Пікір алмасу» (Showdown).
Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5
сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал
жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін
ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ
мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде,
барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс
жауаппен салыстырады.
11. Элективті тест.
Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е
арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл
стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20сек. кідіріп,
сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі
және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес
жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.
__
Ықшам тақталар
Өз рұқсат қағаздарының екінші жағын пайдалана отырып, оқушылар:
қысқаша сұрақтарға жауап жаза алады, олардың «талпынатын»
деңгейін көрсете алады, оларды «ақиқат-жалған» жаттығуы үшін
пайдалана алады.
Стикер
Біраз уақытта болған ілгерілеуді немесе бүкіл сыныптың кері
байланысын көрсетуге арналған визуалды құрал.
Бағдаршам
Карточкалар тақырыпты түсінгенін көрсету үшін пайдалануға болады
(мысалы, қызыл түс =БАРЛЫҒЫ, сары түс =КӨБІ, жасыл
түс=КЕЙБІРІ).
Бас бармақты жоғары немесе төмен(қолдаймын, қолдамаймын)
«Бағдаршам, «стикерге» ұқсайды, бірақ кейбір оқушылардан өз
таңдауларын түсіндіруді сұрай аласыз.
Сынып ішінде жүру
Әртүрлі жағдайларға бейімдеуге болады: 1) сыныптың әр бұрышы
«толықтай
келісемін»,
«келісемін»,
«келіспеймін,
«толықтай
келіспеймін» деген көзқарастарды көрсетуі мүмкін; 2) сіздің
көзқарасыңызға анағұрлым сай келетін суреттің жанына тұрыңыз; 3)
дұрыс мысал/анықтаманың жанына тұрыңыз.
Өзара және өзін-өзі бағалау
Оқудың күтілетін нәтижелері оқушыларға түсінікті әрі анық болу
керек, сол арқылы оқушылар олардың біраз немесе барлық бағалау
критерийлеріне жеткендігін анықтап, нені жақсару керектігін белгілей
алады.
Анықтаңыз:
- Басқа қандай пәндерде олардың оқуы пысықталады немесе
жақсарады?
- Оқуды жақсарту үшін ақпаратттық- коммуникациялық
технологиялар қай Жерде пайдаланылады?
- Оқушыларға білім беру бағдарламасы аясында «құндылықтар»
қалай оқытылады?