Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет148/155
Дата08.02.2022
өлшемі1,69 Mb.
#118207
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   155
Байланысты:
249 әдіс тәсіл pdf

 
«Шеңбердегі доп» 
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты 
лақтырады (немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша 
Мәселе 


жылжытып отырады). Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір 
сөйлем айтады.
«Шиыршық» 
Өткен материалдарды өзара байланыстыра еске түсіре 
отырып, жаңа материалды меңгертуге, сабақ материалының 
сабақтастығы мен негізгі пікірлерді есте сақтауға арналған әдіс. 
Мәселен, толықтауыштың мағыналық (тура, жанама) түрлерін өту 
барысында өткен материалды (толықтауыш туралы алғашқы 
мағлұматтарды, сұрақтарын) пысықтай отырып, жанама және тура 
толықтауыштың ерекшелігін салыстыра көрсету арқылы, тіркесетін 
етістіктерге назар аударту, сабақты, салт етістіктерді ойға түсіру, ой-
пікірлеріне ерік бере, түрлі қызықты сипаттамалармен есте сақтауға 
жол ашу. 
Оқушыңың жеке басы қабілеттерінің айырмашылықтарын қарастыра 
отырып, табиғатын тануға жетелер болсаңыз, ол бізді таңғалдырар 
сипаттамалар берері сөзсіз. Осы орайда өз тәжірибемізден балалар 
жазбаларынан үзінділер келтірейік. 
«Тура толықтауышта турашыл, елжанды (патриоттық) мінез 
бар екен. Мен оны қайсар мінезді жанға, өзінің тегін өзгертпей, ата 
дәстүріне берік болатын адал перзентке ұқсаттым.» (Елдар) 
«Жанама толықтауыштарды жақсы көріп қалдым. Жанына 
келген етістіктермен үйлесе кетіп, табиғатын өзгертіп, мекенді, іс-
әрекетті таныта білетіні жақсы емес пе? Ал Арман оларды қызметін 
өзгертіп кеткен сатқын деп ренжіп отыр. Меніңше, бұл – тым қатты 
сөз, мен олай демес едім. «Нағыз уақыт тынысына сай өзгере білетін 
батыл да іскер сөйлем мүшелері!» - деп мақтар едім. «Мен істей 
алмаймын, бұл маған жат», - деп тұрмады, батылдықпен өзгерді, 
мүмкіндігін кеңейтті...» (Мөлдір) 
«...Мен сабақты, салт етістікті ұмытып та қалған едім. Тез 
есіме түсіре алмай қиналдым. Ал енді ұмытпаймын. Себебі мен жанама 
толықтауыштың достары салт, тура толықтауыштың досы болатын 
етістіктер сабақты деп аталатынын жақсы білетін боламын. Жанымда 
отыратын Асылбек екеуміз келіспей қалдық. Біз кез келген етістікті 
атап, оның алдына толықтауыш қойып отырғанбыз. «Кел» деген 
етістікті айтқанда, мен «маған» деген сөзді алдына қойдым. Егес 
осыдан басталды. Асылбек: «Ол салт етістік емес, себебі оның 
алдындағы сөз «кімге?» деген сұраққа жауап береді», - дедім. Осылай 
айта алғаныма қуанып отырмын. Әлде дұрыс айтпадым ба?» (Жанат) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет