«Ұйқасын тап!»
Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу.
Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді
табу.
Қайсы күні қандай сабақ,
Қалай менің үлгерімім?
Еш жаңылып қалмай, санап
Жүреді ылғи … . (күнделігім)
Ой маржанын тере білген
Әр жазушың, әр ақының.
Әр сөзіңді емемін мен,
Ана сүті – … . (Ана тілім)
Достастырып әріптермен,
Білімге жол салып берген,
Алдымнан шам жағып берген
Айналайын … . («Әліппеден»)
Мекендеген портфелімді,
Беттер аппақ, ақ көңілді.
Қызаратын қатем үшін
Кірлетпеймін … . (дәптерімді)
Достарыңызбен бөлісу: |