22
Адамның жаратылысы жайлы бірнеше ілімнің бар екендігі баршаға мәлім,
олар: космологиялық негіз болатын ілім, діни, ғылыми және т.б.
Әрқайсысына тоқталмай, діни ілімін талдап көрелік. Адам-ата мен Хауа-ана
мың жасап 400 үрім-бұтақ таратыпты. Көне кездегі «топан судан» аман
қалған «Үлкен көш» - Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауында
паналапты. Адамзаттың қайта туу дәуірін өрістетіп, тірі қалған Сам мен Шам
ұрпағынан Ірфихшид, Халиғ, Ірғон, Асух, Ахур, Саурух, Ярух және Ибраһим
тарайды. Адам-ата мен Хауа-ана тұрған баққа тағзым еткен Ибраһим
пайғамбардан төрт ұл: Смағил кіндігі – арабтар, Хайдар кіндігі –
еуропалықтар, Хамид кіндігі – ұлы моғолдар, Соломон кіндігі – еврейлер
тарайды. Соломонның Меңсұлу қызымен шаңырақ көтерген Әннес
Хамидұлы сахабадан үш қыз және бір ұл Мұңлығұл тарайды. Мұңлығұл
атамыздың бес әйелінен тараған 92 баулы еліміз осы. Халқымыздың
шежіресінен айтылатын «бесенеден белгілі» дейтін танымдылығы содан.
Құнанбай Өскенбайұлы қажылық жолында жүргенде, кімсің сұрағына: «Біз
қазақпыз, кәззап атанған Әннес сахабаның нәсіліміз. Құдай жолы құлымыз,
Мұхаммед үмбетіміз. Құлшылық парымызды өтейік. Қағбаға тағзым етіп, бір
Жаратушыға жүгінушіміз»,-деп жауап беріпті. Сондағы қазіргі қазақ
хандығы атанған 6000 жылдық тарихы бар хандықтар күйреп, қайта
құрылған хандық жұрнағы.
Қазақ
елінің тегін «Алаш» сөзі мен «Шумер» өркениетімен
байланыстырған О. Сүлейменов лингвистикалық тәсілді қолдана отырып
дәлелдеген еді, осы шеруді Қорқыт атаның толғауынан байқауға болады:
«Сыбай ұлы жалғызбын, Тауға біткен жалбызбын, Мені де баурай күнатып,
Алты Алаштың Қорқытымын». Тарих әдебиетінде
Алаш
сөзі жайлы
қозғалған мәселелер көп болса да, соның дәйектісі жылқы жануарын қолға
үйрету мен көшпелі тұрмыстың негізін қалайтын бірқатар элементтерге
байланысты. Олар қазақтар үшін қасиетті «алаш» ұғымынан көрініс табады.
М.Ж.Көпеев қазақ халқының пайда болуын аты аңызға айналған
қазақтардың алғашқы ұрпағы - Алаша ханмен байланыстырады. Ол: «Алаша
хан үш жүз жігіт пен он үш дана ақсақалды бастап, Ұлытау жазығында Қазақ
мемлекетін кұрды. Жүздердің қолбасшылары Үйсін, Арғын және Алшын
батырлар Алаша ханды ақ киізге салып, Ұлытау шыңына көтеріпті»,- деп,
шежіресін қорытады. Қазіргі уақытта
алаш
ұғымы елдік және ұлттық
бірліктің негізі ретінде қолданылған ұран екені белгілі. Мифологиялық
қанатты аттың бейнесі – «алаша» бастау алса, «алаша аттан» - төрткүл
дүниені дүр сілкіндірген көшпеліліктің ұраны шығады.
Қазақ елінің шыққан тегі, этногенетикалық үрдістің басы - алғашқы қауым
дәуірінен басталады. Еуразияның Орталық Азия көлемінде болған этникалық
үрдіс әр кезеңдерде саяси қауымдастықтардың тарихи түрде
Достарыңызбен бөлісу: